Әскери төлемдер жүйесіне өзгеріс енгізілді
Қорғаныс министрлігі әскери қызметшілерге төленетін жалақы мен жәрдемақы тәртібін жаңартты. Енді әскери қызметкердің лауазымға кіріскен және оны тапсырған күндері ресми түрде белгіленеді. Егер маман өз міндетіне салғырт қарағаны үшін қызметтен босатылса, оған берілетін кейбір төлемдер толық емес, тек нақты жұмыс істеген күндерге қарай төленеді. Сонымен бірге, күрделі тапсырмаларды мінсіз атқарғандар үшін сыйақы беру тәртібі нақтыланды. Мұндай марапат мерекелер мен мерейтой күндеріне орай да берілуі мүмкін. Әлеуметтік қолдау да күшейді. Материалдық көмек ең төменгі жалақыға қарай есептеледі. Мәселен, қайғылы жағдайда 425 мың теңгеге дейін, ал үйлену сияқты отбасындағы маңызды сәттерде 255 мың теңгеге дейін көмек беру қарастырылған. Бұл өзгерістер әскери қызметшілердің әлеуметтік ахуалын жақсартуға бағытталған.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы