Түркияда кеншілер полициямен қақтығысты
Түркияның Анкара қаласында шеруге шыққан кеншілер полициямен қақтығысты.
Бірнеше айдан бері жалақы алмаған 110 шахтер қала орталығында бір аптадан бері ереуілдетіп тұрған еді. Талабы орындалмаған жұмысшылар Энергетика министрлігі ғимаратына қарай жүрмек болғанда олардың жолын полиция бөгеп, арты қақтығысқа ұласты. Ереуілшілер мен полиция жасақтары арасында жарақат алғандар бар.
Оқиғадан кейін жекеменшік көмір өндіру компаниясында жұмыс істейтін кеншілердің мәселесіне мемлекет араласты. Бірнеше айдан бері төленбеген жалақы бүгін толық өтелетін болды. Жұмысшылардың айлығын уақытылы төлемей, жағдайды ушықтырған компанияға ірі көлемде айыппұл салынды.
Гөкай Чакыр, тәуелсіз кеншілер кәсіподағы ұйымының басшысы:
Бүгін екі министрліктен хабарласып, айлық төленетінін айтты. Бірақ әзірге кеншілердің есепшотына ақша түскен жоқ. Ақша түскенге дейін ереуілді тоқтатпаймыз. Алайда келіссөздерге әрдайым дайынбыз. Негізгі мақсатымыз – шу шығару емес, тиісті еңбекақымызды алу.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Денсаулық сақтау жүйесін жаңарту жұмыстары жалғасып жатыр
28.08.2026, 20:30
Диқандар кәсіпорын қалдығын кәдеге жарата бастады
28.08.2026, 20:28
Ақмола облысында мектептерде күрес залдары ашылып жатыр
28.08.2026, 20:27
Шыңыраудың түбінен көмір қазған кеншілер
28.08.2026, 20:22
Ақтөбеде оқушылар ауа райын болжайтын құрылғы құрастырды
28.08.2026, 20:19
Өскемен облысындағы оқушылар халықаралық олимпиадаларда көш бастап тұр
28.08.2026, 20:16
Медицина сапасына енді қоғамдық бақылау күшейеді
28.08.2026, 20:13
Мектеп формасы талабын сақтамағандар айыппұл төлейді
28.08.2026, 20:12