Басты Жаңалықтар Қазақстандық делегация афинада өткен дельфи экономикалық форумына қатысты

Қазақстандық делегация афинада өткен дельфи экономикалық форумына қатысты

Қазақстандық делегация өкілдері Оңтүстік-Шығыс Еуропадағы жетекші халықаралық форумның бірі- Дельфи экономикалық форумына қатысты. Афинада өткен жиында еліміздің Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Қуантыров сөз сөйлеп, Грекиялық әріптесі Харри Теохариспен әлемдік экономикалық даму, Қазақстанның Грекиямен, ЕуроОдақпен ынтымақты дамыту жайын талқылады. Форумда Азия мен Еуропа арасындағы логистикалық бағыттарды дамыту, экономиканы әртараптандыру жайы да сөз болды. Сонымен қатар, Грекияға сапар аясында ел делегациясы «Қазақстанның инвестициялық әлеуеті, мемлекеттер арасындағы ынтымақтастық мүмкіндіктері» атты басқосуға қатысты. Қазақстандық дипломат грек кәсіпкерлерін елдегі энергияның баламалы көзін дамыту, көлік, логистика, туризм, фармацевтика, цифрлық технология саласындағы жобаларға белсенді қатысуға шақырды. Былтыр Қазақстан мен Грекия арасындағы тауар айналымы 2,4 млрд долларға жеткен. Қос тарап өкілдері биыл алыс-берісті арттырып, бұл көрсеткішті еселеуге мүдделі. 


Бөлісу