Малды шетелге заңсыз шығармақ болғандар ұсталды
Ішкі істер министрлігі малды заңсыз шетелге шығаруға қарсы жұмысты күшейтті. Түркістан облысында жүргізілген жедел шара нәтижесінде шекарадан өтпек болған бірнеше жүк көлігі тоқтатылды. Онда шамамен мыңға жуық ұсақ мал болған. Тексеру барысында жануарларды заңсыз әкету әрекеті анықталды. Осы дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу басталды. Мал мен көліктер тәркіленді. Мамандардың айтуынша, мұндай әрекеттер ішкі нарықтағы баға мен азық-түлік қауіпсіздігіне кері әсер етуі мүмкін. Сондықтан құқық қорғау органдары заңсыз тасымал арналарының жолын кесуді жалғастырады.
Автор
Ернұр Медет
Сондай-ақ оқыңыз
БарлығыӨскеменде экологтар жастарға дәріс оқыды
22.10.2026, 10:11
Алматыда өнертанушы Мұхамеджан Әлімбаевтың 75 жылдығына арналған көрме ашылды
22.10.2026, 10:09
Брюссельдегі әйгілі мүсінге қазақтың шапаны кигізілді
22.10.2026, 10:08
Павлодар облысында тауарларға жеңілдік апталығы жарияланды
22.10.2026, 10:06
Кремль Украина мәселесі бойынша үшжақты келіссөзге дайын
22.10.2026, 10:04
Адамның араласуынсыз тапсырма орындайтын ЖИ жүйелері талқыланады
22.10.2026, 10:01
Мемлекет басшысы әскери реформа мәселелері бойынша Қауіпсіздік Кеңесінің отырысын өткізді
21.10.2026, 23:06
Қоржында - 10 алтын
21.10.2026, 20:30