Басты Жаңалықтар Алаяқтар тұрғын үй броньдау кезінде қолданатын жаңа айлаға көшті

Алаяқтар тұрғын үй броньдау кезінде қолданатын жаңа айлаға көшті

Танымал интернет-ресурстарда қонақүй нөмірлері мен пәтерлерді брондау кезінде абай болыңыз. Ішкі істер министрлігі алаяқтардың жаңа тәсілі туралы ескертеді. Әккілерге алданып қалмау үшін нені ескерген жөн? Алаяқтар әдетте қандай хабарлама жібереді? Тілшіміз тарқатып көрсін.
Пәтерлерді интернет арқылы брондау кезінде пайдаланушыларға банк картасының деректерін сұрататын хабарламалар келеді. Алайда бұл деректер жеке кабинетте бар және қайта енгізуді талап етпейді. Осыған байланысты құқыққорғау органдары азаматтарды басқа қалаға немесе елге демалысқа, сондай-ақ іссапарға шыққанда аса мұқият болуға шақырады.
Сонымен, алаяқтарға алданбас үшін қандай шараларды ұстану қажет?

-сайттың мекенжайын тексеріңіз: фишингтік сайттарда домен атауында ұсақ өзгерістер болуы мүмкін (мысалы, бір әріптің қосылуы немесе соңғы жағындағы өзгерістер.
-банк картаңыздың деректерін пәтер иесімен чатта бөліспеңіз.
-тым төмен бағадағы ұсыныстарға сенбеңіз, анықтап алыңыз – алдаудың бір амалы болуы мүмкін
-пәтерді немесе қонақүй бөлмесін жалдамас бұрын пікірлерді оқып шығыңыз, олардың жарияланған уақытын және жарнаманың сайтта қанша уақыттан бері тұрғанын тексеріңіз.
-пәтер иесі алдын ала төлемді толық жасауды талап етсе, сақтаныңыз. Қонақүй мен пәтер ақысын тек сол жерге барып төлеген дұрыс.
-күдікті хабарламалардан сақ болыңыз: мессенджерлерге, электрондық поштаға немесе әлеуметтік желілерге жіберген сілтемелерді ашпаңыз.
-пәтерді немесе қонақүй бөлмесін тек танымал және сенімді платформалардан брондаңыз: егер сайт күмән тудырса, тәуекелге бармаған дұрыс.

Бөлісу