Ертеңнен бастап LRT жеңілдігі бар жол жүру карталары қолданысқа шығарылмақ
Ертеңнен бастап Астанада жеңілдік санатындағы азаматтарға арнайы LRT картасын рәсімдеуге онлайн өтінім қабылдау басталады. Картаны 7 мен 18 жас аралығындағы оқушылар және заңнамаға сәйкес жеңілдігі бар, елордада тіркелген тұрғындар ала алады. Өтінім тек transcard.kz сайты арқылы беріледі. Ол үшін жеке мәліметі толтырып, қажетті құжаты жүктеп, картаны алатын аудандық әкімдікті таңдау қажет. Карта дайын болған кезде азаматқа арнайы хабарлама келеді. Құны – 1200 теңге. Бұл карта тек LRT желісінде ғана жарамды, ал қоғамдық көліктің басқа түрлерінде қолданылмайды. Өзге жолаушылар үшін жолақы төлеудің баламалы тәсілдері кейінірек ұсынылады.
Автор
Ернұр Медет
Сондай-ақ оқыңыз
БарлығыӨскеменде экологтар жастарға дәріс оқыды
22.10.2026, 10:11
Алматыда өнертанушы Мұхамеджан Әлімбаевтың 75 жылдығына арналған көрме ашылды
22.10.2026, 10:09
Брюссельдегі әйгілі мүсінге қазақтың шапаны кигізілді
22.10.2026, 10:08
Павлодар облысында тауарларға жеңілдік апталығы жарияланды
22.10.2026, 10:06
Кремль Украина мәселесі бойынша үшжақты келіссөзге дайын
22.10.2026, 10:04
Адамның араласуынсыз тапсырма орындайтын ЖИ жүйелері талқыланады
22.10.2026, 10:01
Мемлекет басшысы әскери реформа мәселелері бойынша Қауіпсіздік Кеңесінің отырысын өткізді
21.10.2026, 23:06
Қоржында - 10 алтын
21.10.2026, 20:30