Нидерланд Корольдігі 40 мың түп қызғалдақ тұқымын сыйлады
Нидерланд Корольдігі Қазақстанға 40 мың түп қызғалдақ тұқымын тарту етті. Көпжылдық өсімдік дәнін Батыс еуропалық мемлекеттің өкілі Марсели Пьехна Жамбыл облысы әкіміне «Қызғалдақ мұра» халықаралық фестивалі аясында табыстады. Аймақта екінші рет өткен ауқымды шараға 6 мыңға жуық адам жиналды. Талас ауданы, Есейхан ауылы маңында өткен фестивальға ел азаматтарынан бөлек, шетелдік туристер, халықаралық сарапшылар мен биологтар қатысты. Олар қызыл кілемге айналған қызғалдақ алқабына барып, ұлттық спорттың сегіз түрінен өткен сайысты тамашалады. Жалпы Жамбыл жері қызғалдақтың отаны саналады. Аймақта қызғалдақтың 18 түрі өседі, оның 10-ы Қазақстанның «Қызыл кітабына» енген. Сондай-ақ Әулиеата өңірі елімізде қызғалдақтың сан алуан түрі бойынша алдыңғы қатарда.
Қызғалдақтың отанын көзіммен көргеніме қуаныштымын. Қазақстанның Жамбыл облысы қызғалдақтың алғаш бүр жарған мекені екенін бүкіл әлем білуі керек. Қазақтың қызғалдағы 4 ғасыр бұрын Түркия арқылы Нидерландыға тасымалданды. Сондықтан мұнда табиғи әрі тарихи мұраны сақтауға көп көңіл бөлініп жатқаны қуантады. Бұл Фестиваль облыстың туристік әлеуетін әлемге танытуға зор мүмкіндік береді.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы