«Astana Eurasian Book Fair – 2026» IX халықаралық кітап көрме-жәрмеңкесі өтті
Елордада Орталық Азиядағы ең ірі мәдени алаңдардың біріне айналған «Astana Eurasian Book Fair – 2026» IX халықаралық кітап көрме-жәрмеңкесі өтті. Іс-шара 22-26 сәуір аралығында Президент орталығында өтіп, әртүрлі елдерден келген баспагерлердің, жазушылардың, сарапшылар мен оқырмандардың басын қосты. Шараға қойылған кітаптардың тақырыбы сан алуын, тіпті, «заң мен тәртіп» қағидатына сай келетін топтамалар өте көп болды.
Биыл көрмеге 80-нен астам ұйым қатысты. Қатысушылардың жартысына жуығы- қазақстандық баспалар. Сонымен қатар 15 елдің компаниялары өз өнімдерін ұсынды. Авторлардың арасында қарымды қалагерлермен қатар жас таланттар да бар.
Бауыржан Марқабаев, мектеп оқушысы:
Басқа балалар осы кубик-рубикті жинап үйренсін деп, осы кітапты шығардым. Өзім кубик-рубикпен айналысып жатқаныма 6 жыл болды.
Еркеназ Қордабай, Астана тұрғыны:
Бір қуантарлығы, бұл жақта сіз көп кітап алған сайын сізге жеңілдік жасап береді. Баспа үйінен арнайы сыйлықтарын береді өздерінің.
Мысалы біз онлайн сатамыз, ал бұл жерде сатып алушылармен тікелей сөйлесіп, кітап туралы айтамыз, қолтаңбамызды жазып береміз, өте қызықты.
Көрме 2016 жылдан бері өткізіліп келеді және осы уақыт ішінде елдің мәдени өмірінің маңызды бөлігіне айналды.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы