Алматылық оқушы әлемнің үздік өнертапқыштарының қатарына енді
Алматылық 11-сынып оқушысы Дана Қадырбек Венада өткен Cleantech Days 2026 форумында әлемнің үздік үш жас өнертапқышының қатарына енді. Ол ауадан су өндіру технологиясын ұсынып, қазылардың жоғары бағасына ие болды.
Жоба құрғақ климат жағдайында да ауыз су тапшылығын шешуге бағытталған. Электр
қуатынсыз жұмыс істейтін бұл қондырғы ауадағы ылғалды өзіне сіңіріп, оны суға
айналдырады. Мәселен, түнде наноматериалдан жасалған қондырғының беті ашық
тұрады. Сәйкесінше ол өзіне су молекуласын тартады. Ал күндіз күн сәулесінің
көмегімен кәдімгі ауызсуға айналады. Бұл ауа сапасына кері әсер етпейді.
Керісінше, табиғаттағы су айналымын ретке келтіреді,- деп отыр жас өнертапқыш.
Әлем ғалымдарын елең еткізген бұл жобаны Қазақстан патенттеп үлгерген.
Су ресурстары және ирригация министрлігінің назарына іліккен бұл жобаны сала мамандары әбден бірге талдап, жыл басында меморандумға да отырған еді. Жақында пилоттық жобаға бірлесе кіріспек.
Дана Қадырбек, №79 гимназия оқушысы:
Келесі аптадан бастап пилоттық жобаға кірісеміз. Әуелі Талдықорған қаласынан бастасақ деп отырмыз. Қазір суды көп мөлшерде жинай алу үшін қондырғыдағы негізгі наноматериалдың құрамын жақсартып жатырмыз. Ең кішкентай қондырғы бір түнде 3 литр, ал үлкені 300 литр суға дейін өндіре алады. Венадағы форумда қазылар пилоттық жобаның нәтижесіне қарай экспорт мәселесін талқылауға ашық екенін де айтты.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы