Басты Жаңалықтар Зайсандықтар газ күтіп жүр

Зайсандықтар газ күтіп жүр

Шығыстағы Зайсан ауданында газ құбырын тарту бұдан 13 жыл бұрын басталған. Сол кезде бірден 8 ауыл мен аудан орталығы көгілдір отынға қосылды. Ал жобаның екінші кезеңінде тағы 8 елдіекен қосылуы тиіс болатын.Алайда бүгінге дейін ауданды газбен толық қамту мәселесі аяғына дейін шешілмеді. Жобаның неліктен жол ортадан тоқтап қалғанын тілшіміз Олжас Керейхан зерттеп көрді.    

От жағып, күл шығару қысы алты айға созылатын өңір үшін ең негізгі жұмыс. Сондықтан ауданға газ құбыры тартыла бастағанда Жарсу ауылының байырғы тұрғыны Нағимаш Көшкінбаева да қатты қуанған. Алайда көрші елдімекендер ғазға қосылғанымен Жарсуға жетпей қалды. 
Нағимаш Көшкінбаева, Жарсу ауылының тұрғыны:
Кешке дейін қи жағамыз. Көмір қымбат. Тоннасы 25 мың дейді. Алған зейнетақымыз сол көмірмен кетеді. Сол енді ауылымызға газ тартылса күшті-ақ болар еді. Кішкене қолымыз босап, газдың қызығын көретін уақытымыз ғой.
Газдың қызығын Жарсудан басқа тағы жеті ауыл көре алмай отыр. Бұл елдімекендердің барлығында құбыр іргесінде тұр. 
Қайрат Жақыпов, Сартерек ауылының тұрғыны:
2018 жылы 11 шақырым міне біздің трасса газдан сол магистраль тартылып келіп тұр 2018-жылдан бері. Тура сегіз жыл болды. Содан бері әне-міне газ деген.
Әне-міне деген газдың жыры ұзақ айтылды. Бастапқыда Зайсан қаласы мен 9 ауыл қосылған соң екінші-үшінші кезеңде тағы 8 елдімекен газға қосылуы тиіс еді. Тіпті 2019 жылы республикалық бюджеттен 1 миллиард 120 миллион теңге қарастырылып тендер жарияланады. Алайда жобаны жүзеге асыруға асық мердігер компаниялар тендерге өзара таласып жүргенде жұмыс мүлде тоқтап қалды.
Еркебұлан Зағыпаров, Зайсан аудандық мәслихатының төрағасы:
Газдың корректировка жасауға байланысты рұхсаттар берілмеген энернетика министрлігінен. Президентіміздің де негізгі тапсырмасы шекаралық аудандарды дамыту ғой. Сондықтан бұл газ да шекаралық аудандарды дамытудағы халықтың әлеуетінің артуындағы басты мақсаттардың бірі.
Мақсатқа жету үшін маслихат депутаттары бастап мәжілістегілер қостап, нәтижесінде осы сәуірдің басында алғашқы жобаық құжатқа түзету енгізіліп сараптамаға жіберілді.
Олжас Сәдуов, Энергетика министрлігінің басқарма басшысы:
Келесіде сараптаманың оң қорытындысын алғаннан кейін әкімдік министрлік атына бюджеттік өтінімді жолдайды. Содан кейін бұл құжатнамалар қаржы бөлу үшін ұсынылатын болады. Түзетуге ұсынылған жобалық сметалық құжатнамада бұрынғы бағасы 1,5 миллиард теңге болатын бүгінгі таңда 4,5 миллард теңге болды.
Бұл төрт жарым миллард теңгені тек республика ғана емес, облыстық бюджеттен және табиғи газды игеріп отырған компания да бөледі деген жоспар бар.Сондықтан  көгілдір отынды  зарығып күткен Зайсандағы 8 ауылдың ендігі үміті үкіметте.


Бөлісу