Бауыр ауысқан ағайындылардың жағдайы жақсы
Түркістан облысында қарындасы ағасына бауырын беріп, өмірін сақтап қалды. Осылайша облыстық клиникалық ауруханада үшінші рет бауыр трансплантациясы сәтті жасалды. 41 жастағы Әбдімәлік Мейірбековке бауыр циррозы диагнозы қойылған. Ауруы жарты жыл аралығында асқынып, жағдайы нашарлап, трансплантация өмірін сақтап қалудың жалғыз тиімді жолы болды. Ал донор ретінде оның 20 жастағы қарындасы Алина Усманова танылды. Өз еркімен келісім берген бойжеткен толық тексеруден өткен соң, ота жасалды. Жеті жарым сағатқа созылған отаны Болатбек Баймаханов бастаған Сызғанов атындағы Ұлттық ғылыми хирургия орталығының мамандары мен Түркістан облыстық клиникалық ауруханасының дәрігерлері өткізді. Қазіргі таңда екеуі де үйге шығарылған.
Әбдімәлік Мейірбеков, науқас:
Барлық қиындықтардың барлығынан өттік. Аллаға шүкір, үйге шығып алдық. Қарындасыма рахмет. Күш қуат пайда болды. Біраз салмақ та қосып қойдым және көңілім де жақсы. Жүру де жақсы кішкене.
Бұл өңірдегі бауыр трансплантациясы бойынша жасалған үшінші операция. Бүгінде облыста 600-дей науқас
бауыр ауыстыруға мұқтаж. Олардың бірқатары күрделі отаға кезекке тұрған.
Дәрігерлер донор табылса, операция
жасауға дайын екенін айтады. Жалпы мамандар бауыр беру донорларға қауіпті емес
екенін айтады.
Нұрлан Мәуленов, Түркістан облыстық клиникалық аурухананың
бас дәрігері:
Донор жас қыз болғаннан кейін көбінесе сұрақтар болады. Қанша процент алынды, бауыр біреу ғана ғой деген сұрақтар болады. Бұл қыздан бауыр 62 процент алынды. Болашақта оның ана болуы, қыздың өмірлік жолы дегендей. Болашақта ол ана да бола алады. Болашақта жұмыс істеуге де кірісе алады.
Автор
Айнұр Әбілқасым
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Әлемге әйгілі Cirque Du Soleil бірегей шоу ұсынды
12.06.2026, 20:29
Ақтөбе облысында екі ауылға табиғи газ берілді
12.06.2026, 20:22
Ғылым мен білімге бет бұрған ұрпақ
12.06.2026, 20:18
Үкіметте инновацияларды дамыту жөніндегі кеңестің алғашқы отырысы өтті
12.06.2026, 20:14
Биыл 35 мыңға жуық отбасыға атаулы әлеуметтік көмек тағайындалды
12.06.2026, 20:13
Алматыда 12 жастағы бала пышақ жарақатынан қаза болды
12.06.2026, 20:12
Қазақстандағы конституциялық реформалар Еуропарламентте талқыланды
12.06.2026, 20:11
Әлем жаңалықтарына шолу
12.06.2026, 20:10