Басты Жаңалықтар Алматыда БҰҰ цифрлық шешімдер орталығы ашылады

Алматыда БҰҰ цифрлық шешімдер орталығы ашылады

Қазақстанның цифрлық даму бағыты тағы бір маңызды халықаралық жобамен толықты. Алматыда БҰҰ-ның Тұрақты даму үшін цифрлық шешімдер жөніндегі Азия-Тынық мұхиты орталығы ашылады. Тиісті қарар Бангкокта өткен халықаралық сессияда 52 мемлекеттің қолдауымен қабылданды. Жаңа орталық өңір елдері үшін цифрлық технологиялар мен үздік тәжірибелерді біріктіретін халықаралық алаңға айналмақ. Мақсат- цифрлық алшақтықты азайтып, әсіресе дамушы мемлекеттерге технологиялық қолдау көрсету. Орталық Алматыда орналасып, жүзден астам адамды жұмыспен қамтымақ. Мамандардың айтуынша, бұл бастама Қазақстанның ІТ саласындағы экспорттық әлеуетін арттырып, халықаралық серіктестікті нығайтуға және Алматының өңірлік цифрлық хаб ретіндегі рөлін күшейтуге мүмкіндік береді.


Бөлісу