Басты Жаңалықтар Елімізде сөзге шешен, ойы жүйрік жастарды біріктіретін «Жастар алаңы-2019» атты турнир басталды

Елімізде сөзге шешен, ойы жүйрік жастарды біріктіретін «Жастар алаңы-2019» атты турнир басталды

Елімізде сөзге шешен, ойы жүйрік жастарды біріктіретін бәйге басталды. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында «Jas Otan» төрағасы Дәулет Кәрібек хабарлады. «Жастар алаңы- 2019» пікірсайыс турниріне қатысу үшін шілденің 9-ы мен тамыздың 8-і аралығында www.jasotan.com сайтына өтініш қалдыруға болады. Жарыста 18 бен 29 жас аралығындағы азаматтар бақ сынай алады. Қазақ және орыс тілдерінде өтетін пікірсайысқа еліміздің барлық өңірінен 60 команда жасақталады. Жалпы жүлде қоры 4 миллион теңгені құрап отыр. Жастардың критикалық ойлау қабілетін жетілдіріп, өзекті мәселелерді талқылауға үйрететін алаң бір кездері жұмысын тоқтатқан еді. Биыл ол қайта жанданып, тұрпаты да өзгеріп жатыр.

 

Дәулет Кәрібек, «Jas Otan» ЖҚ төрағасы:

 

Бұл жолы Қазақстан бойынша 120 дебатерді жинап қана қоймаймыз, оларды оқытамыз, төрешілерді оқытамыз. Жалпы, кәсібилік деген не екенін көрсетеміз. Одан бөлек, осы жобаның аясында бізде британдық, америкалық және Линкольн Дуглас деген үш бағыт бойынша оқыту жалғаса отырып, бүкіл қазақстандық, республикалық пікірсайысшыларға, дебатерларға арналған сайт жасақталатын болады. Мобильді қосымшасы жасақталынады.

 

Альбина ӘШІМ

 

 

 

 

Бөлісу