Президент Креативті индустрияны дамыту қорының кеңсесін аралап көрді
Президент Креативті индустрияны дамыту қорының кеңсесін аралап, қордың жұмысымен танысты. Бұл Мемлекет басшысының тапсырмасына сай, отандық креативті секторды қолдаудың негізгі институты ретінде құрылған. Қасым-Жомарт Тоқаевқа жаңа кеңістіктің шығармашыл жастар, инвесторлар мен туристер бас қосатын орынға айналатыны жөнінде баяндалды. Шоурум форматында безендірілген кеңседе креативті өнім әзірлеудің толық циклі көрсетілген. Президент зергерлік және ағаш шеберханаларын, музыка, кілем тоқу, бейнелеу өнері залдарын, fashion-аймақты аралады. Ал Yurt Capsule – мұндағы негізгі орынның бірі. Бұл кеңістікте киіз үйдің дәстүрлі формасы технологиялық тұрғыдан жаңа кейіпке енген. Мемлекет басшысына еліміздің брендін қалыптастыру тұжырымдамасы жайында мәлімет берілді.
Евгений Кочетов, ҚР Мәдениет және ақпарат министрінің орынбасары:
2022 жылғы Жолдауда Президент алғагш рет креативті экономиканы дамыту керектігін айтып, мамандандырылған қор құрып, инвестициялық құрылымды қалыптастыру қажеттігін атап өтті. Міне, бүгін сол бастама жүзеге асты. Қазір бізде барлық аймақтарда өңірлік креатив хабтар бар. Қор жас таланттарды тауып, қолдап, олардың жұмысын жүйелеп, нақты дайын өнім шығаруға және оны сатуға көмектеседі.
Дастан Мұхамедрахым, Travel-блогер:
Менде керемет мүмкіндік болды. Жаңа ғана жарты сағат бұрын Президентіміздің алдында сөз сөйледім. Соңғы жылдары жасалған еңбектерім жайлы қысқаша тоқталдым. Одан бөлек, Қазақстандағы ең танымал Travel блогерлерді әкеле жатырмыз. Екеуінің жалпы оқырманы 100 млн-нан асады. Олар Қазақстан туралы фильм жасаса, көп адам бір уақытта таниды деген үміттеміз.
Айта кетейік, бүгінде Қазақстанның креативті экономика саласында шамамен 48 мың кәсіпкерлік нысан бар. Олар 160 мыңға жуық адамды жұмыспен қамтып отыр. Индустрияға кино, анимация, цифрлық өнер, сән, дизайн және халықтық қолөнер секілді салалар зор үлес қосып жатыр.
Автор
Азамат Бейбітұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Алматыда «SuperStar KZ» мегажобасына іріктеу өтіп жатыр
25.04.2026, 20:08
«Бату хан» тарихи-деректі романы таныстырылды
25.04.2026, 20:06
«Қазақстан» РТРК» ұжымы сенбілікке шықты
25.04.2026, 20:05
Қарағанды облысында 4500-ден аса ағаш егілді
25.04.2026, 20:05
Мәжіліс депутаттары аллеяға шырша көшеттерін отырғызды
25.04.2026, 20:05
Сенат депутаттары Инклюзивті спорт орталығының аумағын көгалдандырды
25.04.2026, 20:04
Тұрғындар жаппай сенбілікке шықты
25.04.2026, 20:04
Президент «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акцияға қатысты
25.04.2026, 20:04