Tomorrow School: Жасанды интеллект мектебі ашылды
Астанада Alem.ai орталығында және еліміздің 14 өңірінде Tomorrow School жасанды интеллект мектебі ашылды. Өңірлік кампус Оралдағы Махамбет Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университетінің жанында да іске қосылды. Жобаны Мемлекет басшысына Білім және жоғары ғылым министрі телекөпір арқылы таныстырды. Халықаралық оқыту моделі жасанды интеллектіні бастапқы деңгейден бастап, күрделі жүйеге дейін қолдануды үйретеді.
Нұрбақыт Меңдешқызы, студент:
Платформаның ең басты артықшылығы – мұғалімсіз оқыту, тегін және қолжетімді болуы, peer-to-peer жүйесі және сабақ кестесін өзіміз қоюымыз.
Peer-to-peer жүйесі, яғни курсқа қатысушылар тең дәрежеде бір-бірінен үйреніп, тәжірибе алмаса алады. Қазір 50 адам оқуға тегін қабылданған. Жобаны жүзеге асыру үшін AI-Sana, Астана Хаб, өңірдегі университет жүйелері интеграцияланған.
Нұрғиса Амашев, облыстық Цифрлық технологиялар басқармасының басшысы:
18 жастан жоғары кез келген өңір азаматы базалық бағыттан бастап стартапқа дейін енгізу үшін осы жерден дәріс ала алады. Бұл жерде модельдеу, веб бағдарламалау – экожүйені қалыптастыру бағытындағы бүкіл жоба жүзеге асырылады.
Автор
Ардақ Мұратқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Мемлекет басшысы әскери реформа мәселелері бойынша Қауіпсіздік Кеңесінің отырысын өткізді
21.10.2026, 23:06
Қоржында - 10 алтын
21.10.2026, 20:30
Абайға қатысты жәдігерлер жеке жинаққа топтастырылмақ
21.10.2026, 20:23
35 мың тұрғын «Кітап оқитын ұлт» марафонына қатысып жатыр
21.10.2026, 20:21
Мәулен Әшімбаевтың жаңа кітабы таныстырылды
21.10.2026, 20:20
Патриоттық әндерге байқау жарияланды
21.10.2026, 20:20
Республика күніне орай сауда орталықтары ауқымды акция өткізіп жатыр
21.10.2026, 20:19
Тау кластері: Экономикалық әлеует артады
21.10.2026, 20:17