Кино фестивалі басталды
Елімізде Ресей киносының фестивалі басталды. 23-26 сәуір аралығында Астана қаласында «Қазақстандағы Ресей мәдениеті күндері» аясында Ресей киносының фестивалі өтеді. Бұл екі елді өнер мен кинематография арқылы біріктіретін маңызды оқиға. Іс-шара халықтар арасындағы достықты нығайту, мемлекетаралық мәдени алмасуды дамытып, бұдан былай да табысты серіктестікте болу үшін тағы бір маңызды қадам болмақ, деп атап өтті меймандар.
Эльза Антонова, «Роскино» бас директоры:
Біз қазақстандық көрерменге бүкіл әлем көрермендерінің сүйіспеншілігіне ие болған фильмдерді ұсынатынымызға қуаныштымыз. Мәдени диалогтың бір бөлігі болу және Астанада заманауи киносының үздік үлгілерін көрсету біз үшін үлкен мәртебе.
Фестиваль бағдарламасында ауқымды аудиторияға арналған түрлі жанрдағы фильмдер бар.Жалпы, мұндай фестивальдер шетелдерде ұйымдастырылып, қазақстандық кино туындылар да шетелдік көрермендердің назарына ұсынылып отырады. Бұл ең алдымен тәжірибе алмасып, мәдние байланысты дамыту үшін жасалатын қадам.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы