Басты Жаңалықтар Кітап керуені Жамбыл жеріне жетті

Кітап керуені Жамбыл жеріне жетті

Күні кеше Алматы облысынан Жамбыл жеріне жолға шыққан «Кітап керуені» бүгін Таразға жетті. «Ұлттық кітап күнімен» Жамбыл Жабаевтың 180 жылдығына орай ұйымдастырылған шара Жастар аллеясында өтті. Керуенмен келген кітаптар өңірдегі 340 ауылдың мектебіне жеткізіледі. 17 мың кітаптан тұратын рухани олжа проза, поэзия және танымдық бағыттарды қамтиды. Жақында әр мектепке 50 данадан таратылады. Сондықтан бүгін аудандардан келген кітапханашылар кітап тиелген жүк көлігін қуана қарсы алды. Ал осы кітаптардың тең жартысын қоғамдық қор сатып алса, қалғанын Жамбыл әкімдігі жинақтаған. Сондай-ақ жеке авторлар да сыйға тартқан.

Айта кетейік, ауыл мектептерін қолдауға және оқырман мәдениетін дамытуға бағытталған жоба былтыр басталып, Абай облысына 14 мың кітап жеткізілген еді.

Дулат Тастекей, «Assyltas» қоғамдық қорының жетекшісі:

«Артық білім - кітапта» жобасының негізгі мақсаты - өскелең ұрпақты, жастарды оқитын ұлтқа айналдыру. Оқитын ұлт ойлайтын болады. Ойлайтын ұлт - дамитын ұлт. Яғни біз қолымыздан келгенше ұлтымыздың, еліміздің дамуын қалыптастырамыз деген сенімдеміз. Бұл жобаның жалғасын тауып, жүйелі түрде келе жатқаны бізді қуантады. Келесі жылы да басқа облыстарды қамтып отырамыз.
Бөлісу