5 мың шақырым жаңа теміржол салынады
Алдағы 4 жылда елімізде 5 мың шақырым жаңа теміржол салынады. Бұл туралы бүгін Премьер-министр Олжас Бектенов мәлімдеді. Теміржол ынтымақтастығы ұйымының 700 жылдығына қатысқан Үкімет басшысы негізгі мақсат - Еуразияны біртұтас әрі үздіксіз жұмыс істейтін көлік жүйесіне айналдыру екендігін айтты. Жалпы, форумға әлемнің 30-дан астам елінен 300-ден астам теміржол тасымалы компаниясының басшылары мен өкілдері келді. Ұйым ұзындығы 320 мың шақырымнан асатын теміржол желісін салады, олар арқылы жыл сайын шамамен 5,5 млрд жолаушы және 5 млрд тонна жүк тасымалданады. Қазақстан – жаһандық мұхитқа тікелей шығар жолы жоқ әлемдегі ең ірі мемлекет. Бірақ біз осы географиялық ерекшелікті стратегиялық артықшылығымызға айналдыру бағытында жұмыс істеп жатырмыз, деді Премьер-министр.
Олжас Бектенов, Премьер-министр:
Соңғы 15 жылда біз көлік саласына шамамен $35 млрд қаражат салдық. 2,5 мың шақырымнан астам жаңа магистральдық жолдар салынды. Бүгінде «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» бағыты бойынша барлық құрлықтағы транзиттік тасымалдардың 85%-ға жуығы Қазақстан арқылы өтеді. Бірақ мұнымен тоқтап қалмаймыз. Алдағы 4 жылда тағы 5 мың шақырым жаңа теміржол салуды жоспарлап отырмыз. Біздің мақсатымыз – 2035 жылға қарай транзит көлемін жылына 100 млн тоннаға дейін жеткізу.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы