Кітап керуені жолға шықты
Бүгін Алматы облысы Жамбыл ауданынан Жамбыл облысына 17 мың кітап тиелген керуен жолға шықты. Әуелі Жамбыл Жабаев атындағы әдеби-мемориалдық музейде туғанына 180 жыл толған жыр алыбының әруағына тағзым етіліп, оның жырлары оқылып, дәстүрге айналып келе жатқан игі бастамаға ақсақалдар батасын берді. Таразға қарай бет алған керуендегі 17 мың кітаптың тең жартысын қоғамдық қор арнайы сатып алса, қалғаны Жамбыл облысы әкімідігінің қолдауының арқасында әрі авторлардың сыйға тартуымен жиналыпты. Ауыл мектептерін қолдауға және оқырман мәдениетін дамытуға бағытталған жоба аясында бұл жолы 340 ауыл мектебіне 50 кітаптан таратылмақ. Айта кетейік, өткен жылы осыған ұқсас акция аясында Абай облысына 14 мың кітап жөнелтілген. Ұйымдастырушылар кітаптардың сөреде шаң басып жатпай, оқырман сұранысына ие болатынына сенімді.
Рауан Оқас, ұйымдастырушы:
Кітапханаға, мектеп, ауыл кітапханаларына барғаннан кейін құр тұрмасын деген мақсатпе сайыс ұйымдастыруды жөн санадық. Былтыр Абай облысына 14 мың кітап тараттық. Сол таратқан кітаптар бойынша биыл маусым айында Абай облысында облыстық кітап сайысы болады. Бас жүлдеге автокөлік қойып отырмыз. Сондықтан да бұл кітаптар оқылады деген ойдамыз. Осыдан кейін келесі жылы Ұлытауға барамыз, одан кейін Қызылжарға барамыз, осылай жалғаса береді.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы