Биоалуандық батыл қадамдармен қорғалады
Қазақстан халықаралық міндеттемелерді күшейткенде ғана биоалуандығын сақтай алады. Қазір соған қам жасап жатыр. Яғни өсімдіктердің өміршеңдігі мен жануарлар дүниесін дамыту – экологиялық тұтастық үшін маңызды. Бірақ одан да өзектісі – табиғатты қорғау тек құжат жүзінде емес, әрекетпен де анық көрінуі тиіс. Мәселен, сарапшылар елдегі қорғалатын аумақтарды кеңейту, ауыл шаруашылығы саласын жаңғырту және өңірлік ынтымақты арттыруға басымдық беріп отыр. Астанада өтіп жатқан халықаралық экологиялық саммитте арнамызға сұхбат берген Астрид Шомакер Қазақстанның сондай әлеуеті жоғары екенін атап өтті.
Ақмаржан Ғафизқызы, тілші:
- What key steps should Kazakhstan prioritize to protect its biodiversity?- Қазақстан биоалуантүрлілігін қорғау үшін қандай негізгі қадамдарға басымдық беруі керек?
Астрид Шомакер, БҰҰ биологиялық әртүрлілік туралы конвенцияның атқарушы хатшысы:
Қазақстан маңызды халықаралық келісімдерге қосылды. Ендігі міндет – сол мақсаттарды ұлттық деңгейде толық іске асыру. Бұл үшін барлық мемлекеттік орган мен қоғам бірігіп жұмыс істеу керек. Сондай-ақ ауыл шаруашылығы тәсілдерін өзгертіп, табиғатқа түсетін жүктемені азайту керек. Биоалуантүрлілікті жердің тозуы және ластанумен бірге кешенді түрде шешу қажет.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы