Басты Жаңалықтар Бұйратауды бизондар әбден жерсінген

Бұйратауды бизондар әбден жерсінген

Қарағанды облысы Бұйратау Ұлттық паркінде Канадалық Бизондар көбейіп келеді.  Алып жануарлар Арқа төсіне осыдан 6 жыл бұрын арнайы әкелінді. Сиыртұқымдастар жат жерді жатырқамай, жерсініп кетті. Толығырақ тілшіміз Жандос Бақытұлы тарқатсын.

Иә, бұл Америка да, Канада да емес өзіміздің Бұйратаудағы алып бизондар. 2020 жылы туризімді дамыту мақсатында Қазақстанға әкелінген. Ол кезде не бәрі оншақты еді.
Жандос Бақытұлы, тілші:
Қазақ, Құтты қонақ келсе қой егіз табады дейді. Дәл бүгін, біз келген күні Канадалық бизондардың бірі төлдепті. Осылайшы Арқаның алып жануарларының саны 25-ке жетті.
Жаңа туған жануардың түрі көз үйренген сиыр төлінен аумайды. Алайда бірнеше жылда ет жинап салмағы тоннаға жақындайтын көрінеді. Сиыртұқымдастар Американың ұлттық жануары ретінде ұлықталады. Жабайы аң бүгінде Ақдым тауының баурайында жалпы аумағы 400 шаршы шақырым болатын арнайы аумақты мекендейді.  
Оразбек Әмет, «Бұйратау» МҰТП табиғат қорғау инспекторы:
Бұлардың ерекшелігі табиғатқа тигізетін пайдасы. Ауыр салмағымен топырақты жақсы қопсытады. Оған жаңбыр суы сіңіп, жаңа өсімдіктер өседі. Олар өсімдіктерді жеп тұқымдарын басқа жерге таратады.
Сары бел Сарыарқа жері бизондарға жаққан секілді. Бораны да Канада мен Америкадан кем түспейді. Бұл жануарлар көп күтімді де қажет етпейді. Жазда жайылып, өз азығын өзі табады. Ал қысты күні арнайы жем-шөп беріледі. Алып жануарды көруге келетін туристер де аз емес.
Оразбек Әмет, «Бұйратау» МҰТП табиғат қорғау инспекторы:
Оларды көруге көпетеген адамдар келіп жатыр. Қарағанды, Ақмола, Павлодардан туристер келуіп жатыр енді. Ерекшелігі табиғаттағы экожүйені сақтап қалу. Бұл жерде қалалық өмір емес, жабайы табиғатты сақтап қалу ғой.
Бұйратау Ұлттық паркі Қарағанды мен Ақмоланың ортасында жатыр. Қазір мұнда бизоннан бөлек қасқыр, марал, жабайы доңыз секілді жануарлардың түр-түрін кездестіруге болады. Арасында қызыл кітапқа енген арқар да бар. Бүгінде аумақтың тыныштығын 20-ға жуық адам күзетеді.
Еркебұлан Тоқабаев, «Бұйратау» МҰТП қызметкері:
- Ұлттық парк болған соң түрлі жағдайлар болып тұрады. Төтенше жағдай болуы мүмкін. Сондай кезде қалай әрекет етесіздер?
- Ондай кезде дабыл қағылады. 3 техника бар, екі адамнан отырады. Пожарный машина ғой енді. Цистернасы бар, пенасы бар. Барлық құралдар бар. Қамтамасыз етілген

Орман бизондарын көру үшін Ерейментау немесе Қарағанды арқылы қатынауға болады. Тек асты биік, жер талғамайтын көлік болса болғаны.


Бөлісу