Курсанттар арасында халықаралық олимпиада басталды
Алматыда ТМД елдерінің әскери жоғары оқу орындарының курсанттары арасында математикадан X-шы халықаралық олимпиада басталды. КСМ: Сайысқа Қазақстан, Беларусь, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан және Өзбекстан командалары қатысып жатыр. Қазақстан атынан Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтының курсанттары қатысып жатыр. Айта кетейік, халықаралық зияткерлік сайыс 2014 жылдан бері өтіп келеді. Мұндай олимпиада курсанттардың білімін шыңдап, әскери кадрларды даярлау сапасын арттыруға және елдер арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға ықпал етеді.
Нұргүл Исмағұлова, радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтының бөлім бастығы:
Бұл олимпиада бір апта көлемінде өткізіледі. Бұның қатысушылары жоғарғы математика сынды күрделі ғылымның есептерін шешуден бақ сынасады. Сондай-ақ осы шара аясында әскери, спорттық жарыстарды ұйымдастыру көзделген.
Автор
Әйгерім Ердәулет
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Президент: Жұрт нақты нәтиже күтеді
16.10.2026, 22:02
ТШО 30 жылдан бері жергілікті компаниялардың тауары мен қызметіне 52 млрд доллар жұмсаған
16.10.2026, 20:14
Қазақстан Халық Кеңесі – қоғамдық ұсыныстарды талқылаудың жаңа тетігі
16.10.2026, 20:13
Шағын және орта бизнестен жұмыс тапқандар көбейді
16.10.2026, 20:12
«Тұмар» және «Үркер» ұлттық сыйлықтарының жеңімпаздары анықталды
16.10.2026, 20:12
SuperStar KZ: Жартылай финалда алғашқы ондық бақ сынайды
16.10.2026, 20:10
Әлем жаңалықтарына шолу
16.10.2026, 20:09
Ортақ тарих, ортақ ғылым: Түркі елдері ынтымақтастықты нығайтпақ
16.10.2026, 20:09