Қалдықтарды кәдеге жарату бағытында жаңа бағыт қолға алынды
Елімізде қалдықтарды кәдеге жарату мен экологиялық стандарттарды енгізу бағытында жаңа ірі жоба қолға алынды. Премьер-министр Олжас Бектенов Астанада Қытайдың Shenzhen Energy Environment Co., Ltd компаниясы директорлар кеңесінің төрағасы Ван Ганмен кездесті. Жүздесу барысында экология саласындағы ынтымақтастық және заманауи технологияларды енгізу мәселелері талқыланды. Қазір елордада «Астана энергиясы» экопаркі» жобасының алғашқы кезеңінің құрылысы басталды. Жобаға 180 миллион доллар инвестиция салынып отыр. Кәсіпорын тәулігіне 1,5 мың тоннадан астам қатты тұрмыстық қалдықты өңдеп, 50 мегаватт электр энергиясын өндіруге мүмкіндік береді. Нысанды 2029 жылдың маусымында іске қосу жоспарланған. Премьер-министр жобаның стратегиялық маңызын атап өтіп, оны басқа өңірлерге тарату қажеттігін айтты. Ал қытайлық компания екінші кезеңді іске асыруға ниетті екенін жеткізді. Бұл болашақта полигондардағы қалдықтарды толық жоюға жол ашады.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы