Ескі құрылғылар жаппай ауыстырылады
Электр жабдықтарын цифрландыру аясында ескі құрылғыларды жаппай ауыстыру жұмыстары 2029 жылға қарай толық аяқталады. Энергетика вице-министрі елімізде 4 млн электр және 30 мың жылу есептегіш жаңадан орнатылатыны айтты. Вице-министрдің сөзінше, бұл – шығындарды азайтып, шамамен 57 млрд теңге үнемдеуге мүмкіндік береді. Бүгінде электр желілерін тексеру үшін дрондар мен ЖИ қолданыла бастады. Ал жылу желілерінің ақауын енді роботтар анықтайды. 2026–2027 жылдары EnergyTech бірыңғай мемлекеттік басқару жүйесі іске қосылмақ. Цифрландыру шаралары энергетикадағы апаттылықты 25%-ға төмендетіп, қысқа дайындық мерзімін 90 күнге дейін жеделдетпек.
Бақытжан Ілияс, Энергетика вице-министрі:
Ұлттық жоба аясында энергетика, соның ішінде газбен жабдықтау бойынша есептегіштерді ауыстыру жұмыстары осы жылдан басталады. Яғни 2029 жылға дейінгі бес жылдық мерзімде бізде барлық субъектілерді, соның ішінде кәсіпкерлік нысандары мен тұрмыстық тұтынушыларды цифрлық есептеу құралдарымен 100 пайыз қамтуды көздеп отырмыз. Демек, Ұлттық жоба шеңберінде бұл мақсатқа 2029 жылға қарай толық қол жеткізілеміз деп айтуға болады.
Автор
Айжан Иманғали
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Атырауда Халықаралық шахмат турнирі басталды
13.10.2026, 20:29
Ұстаз Қанипа Бітібаеваның әдістемесі мектептерде пайдаланылады
13.10.2026, 20:26
Сарапшылар: Қазақстан Конституциясы сөз бостандығына кепілдік береді
13.10.2026, 20:08
Әлем жаңалықтарына шолу
13.10.2026, 20:06
Жедел жәрдем бригадасының қозғалысын картадан бақылауға болады
13.10.2026, 20:05
Бельгия Королі мен Патшайымы қазақтың ұлттық дәстүрлерімен танысты
13.10.2026, 20:05
Бельгиямен байланыстың жаңа белесі басталды
13.10.2026, 20:05
«Алтын виза» енгізіледі: Құрылтай көші-қон заңнамасын жетілдіруге кірісті
13.10.2026, 20:04