Қостанай облысында АЭС салынуы мүмкін
Елімізде 3 емес, 4 атом электр стансасы салынуы мүмкін. Бұл туралы бүгін Атом энергетикасы жөніндегі агенттік төрағасы Алмасадам Сәтқалиев мәлімдеді. Сондай-ақ ол елімізде салынатын екінші атом электр стансасына Мойынқұм атауы берілгенін айтты. Ол да Балқашта орналаспақ. Қазіргі уақытта 3 перспективалы алаң зерттеліп жатыр. АЭС құрылысы үшін тағы бір лайықты орын ретінде Батыс Қазақстан аймағы да таңдалып отырғанын жеткізді.
Алмасадам Сәтқалиев, Атом энергиясы жөніндегі агенттік төрағасы:
Қазақстанда басқа да алаңдар бар. Қазіргі уақытта оларды зерттеп жатырмыз. Энергия балансына байланысты 20-30 жылдан кейін Қостанай алаңы қарастырылуы мүмкін. Ол жер де Қазақстандағы атом стансасы құрылысы үшін болашағы бар орын бола алады.
Автор
Азамат Бейбітұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Азия пара ойындарында спортшыларымыз тағы төрт алтын алды
21.10.2026, 13:15
Амандасу әдебі – ұлттық мәдениеттің көрінісі
21.10.2026, 13:13
Жетісу облысының Көксай ауылында жаңа мектеп ашылды
21.10.2026, 13:12
Ақтөбе облысындағы Қарауылкелді теміржол вокзалы жаңартылды
21.10.2026, 13:10
Астанада кейбір үй балкондарына ту ілді
21.10.2026, 13:08
Парижде коменданттық сағат ұзартылды
21.10.2026, 13:07
Ресейде демографиялық дағдарыс күшейіп барады
21.10.2026, 13:05
Қазақстан ТүркПА елдеріне арналған Цифрлық кодексті әзірлеуді ұсынды
21.10.2026, 13:04