Педагог қызметін бағалау жүйесі жетілдіріледі
Бұдан былай педагогтер эссе жазу, ғылыми мақала жариялау, авторлық бағдарламалар мен оқу-әдістемелік материалдарды жинаудан босатылады. Бұл жөнінде Аттестаттаудың пилоттық жобасына қатысты түсініктеме берген Оқу-ағарту вице-министрі мәлімдеді. Шынар Ақпарованың сөзінше, бұл құжаттар көбіне оқу процесіне нақты әсер етпейтін, тек артық жүктеме болып келді. Сондай-ақ жаңа модель бойынша ашық сабақтар қысқартылады. Мәселен, педагог-модератор 25 сабақтың орнына, 4 ашық сабақ өткізеді. Барлық санат үшін біліктілік курстарының сағаты да қысқартылмақ. Вице-министр педагогтердің біліктілігін айқындайтын тестілеуге қатысты өзгерістерге тағы тоқталды.
Шынар Ақпарова, ҚР Оқу-ағарту вице-министрі:
Енді бірінші тестілеуден өте алмаған педагогтерге қайта тапсыруға мүмкіндігі бар. Егер екінші рет тестілеуден өтуді қайталамайтын педагогтер ағымдағы жылдың қыркүйек айынан бастап, пилоттық режимдегі аттестаттаудың жаңа моделі шеңберінде аттестаттауға қатыса алады.
Биыл аттестаттаудан 130 мыңнан астам педагог өтуі тиіс болса, оның 102 мыңы сынақтан сәтті өткен. Қалғандары қазіргі уақытта екінші мүмкіндікті пайдалануда. Тиісті деңгейін дәлелдеген ұстаздарға қосымша ақы 1 қыркүйектен бастап төленеді. Айта кетейік, енді педагогтің біліктілігі тест балымен емес, оқушыға берген білімі мен күнделікті еңбегімен өлшенбек. Оның барлығы «Ұстаз» платформасында жинақталып, ашық түрде жарияланады. Алайда бұл жеңілдік бәріне бірдей тиесілі емес. Жұмысқа жаңа келген түлектер, қызметін қайта бастағандар, мектеп басшылары, олардың орынбасарлары мен әдіскерлер үшін емтихан күшінде қалады.
Автор
Айжан Иманғали
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Атырауда Халықаралық шахмат турнирі басталды
13.10.2026, 20:29
Ұстаз Қанипа Бітібаеваның әдістемесі мектептерде пайдаланылады
13.10.2026, 20:26
Сарапшылар: Қазақстан Конституциясы сөз бостандығына кепілдік береді
13.10.2026, 20:08
Әлем жаңалықтарына шолу
13.10.2026, 20:06
Жедел жәрдем бригадасының қозғалысын картадан бақылауға болады
13.10.2026, 20:05
Бельгия Королі мен Патшайымы қазақтың ұлттық дәстүрлерімен танысты
13.10.2026, 20:05
Бельгиямен байланыстың жаңа белесі басталды
13.10.2026, 20:05
«Алтын виза» енгізіледі: Құрылтай көші-қон заңнамасын жетілдіруге кірісті
13.10.2026, 20:04