Құлсарыда мамырда су тазарту станциясы іске қосылады
Атырау облысы Құлсары қаласында су тазарту станциясы салынып жатыр. Аудан халқы үшін жобаның маңызы зор. Өйткені тасқын кезінде құбырлар зақымданып, 2 жылдан бері судың сапасына қатысты қала тұрғындарынан шағым көбейген. Құны 6 млрд теңгеге жуықтайтын жаңа нысан мамыр айында пайдалануға беріледі. Қазір құрылыстың 85 пайызы аяқталды. Жауаптылардың сөзінше, жүйе толық автоматтандырылады. Одан кейін тәулігіне 18 мың текше метр су осы жерден тазартылып, аудан халқына жіберіледі.
Мерей Ізбасаров, мердігер мекеме
өкілі:
Резервуарларға да құя аламыз, тіке қалаға да айдайтын құбыр бар. Автоматика бәрі қарастырылған. Бір жерден су кетіп, апат болатын болса, жүйе өшеді және қай жерде ақау болғанын көрсетеді.
Жаңа станцияның құрылысы былтыр жазда басталған. Қазір негізгі жұмыстар
аяқталып, тазарту қондырғылары жүйеге қосылып жатыр. Құрылысқа 20 адам мен 4
техника жұмылдырылған. Мұнда су үш кезеңмен тазартылады. Жаңа станция қаланың
қажеттілігін толық өтей алады, дейді жауаптылар.
Жұмабек Қаражанов, Жылыой
ауданының әкімі:
Жалпы, жазғы мезгілде 15 мың. Қысқы мезгілде 8-9 мың боп қалуы мүмкін. Болашақта он жылдықта халық саны, қала саны өсіп бара жатса, тағы да жанына филтрация қойып, ұлғайта беруге болады.
Автор
Нұрсұлтан Нұрсейіт
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Цифрлық мүмкіндік пен спорттық шеберлік тоғысқан дода
22.07.2026, 20:32
Олимпиада-2028: Билеттердің ресми сатылымы басталды
22.07.2026, 20:30
Жетісу облысында шаруалар қысқы мал азығын қамдап жатыр
22.07.2026, 20:24
Маңғыстауда Шетпе теміржол вокзалы бастан-аяқ жөнделіп, қайта ашылды
22.07.2026, 20:24
Астанада «4739» деректі фильмінің премьерасы өтті
22.07.2026, 20:23
110 гектар алқапқа апорт көшеттері әзірленіп жатыр
22.07.2026, 20:21
Шымкентте мағыналы муралдар көбейіп келеді
22.07.2026, 20:16
Ұлыбританияда жасөспірімдерге энергетикалық сусын сатуға тыйым салынады
22.07.2026, 20:10