Зайсандағы әуежай құрылысының 60% аяқталды
Шығыстағы Қатонқарағай мен Зайсан ауданында салынып жатқан әуежай елдегі туризм саласының әлденуі мен жолаушылар тасымалына да серпін береді. Сондықтан бұл стратегиялық маңызы бар нысан ғана емес ірі жоба. Зайсан қаласындағы әуежайдың қазіргі құрылыс қарқынын тілшіміз Олжас Керейхан көріп келді.
Шығыстағы Қатонқарағай мен Зайсан ауданында әуежай салынып жатыр. Бүгінге дейін жалпы жұмыстың 60 пайызы істелді. Құрылыстың қазіргі қарқыны жайлы сәлден соң айтамыз.
Шығыстағы Қатонқарағай мен Зайсан ауданында салынып жатқан әуежай елдегі туризм саласының әлденуі мен жолаушылар тасымалына да серпін береді. Сондықтан бұл стратегиялық маңызы бар нысан ғана емес ірі жоба. Зайсан қаласындағы әуежайдың қазіргі құрылыс қарқынын тілшіміз Олжас Керейхан көріп келді.
Мына тұрған вокзал.Ар жағындағы әуежайдың жүрегі дейді ғой. Навигациялық система. Осы жұмыстарды қыстай тоқтамай істеп келе жатырмыз.
Тоқтамай істегенің нәтижесінде бүгінге дейін құрылыстың 60 пайызы салынды. Жалпы әуежай аумағындағы негізгі 13 нысан болады. Қазір олардың қаңқасы толық қаланды. Енді сыртын қаптап, кейбір ғимараттардың ішкі жұмыстары басталды. Тәжірибелі құрылысшы Болатбек Қабдырашев өз бригадасымен бірге осы әуежайдың қадасы қағылып, іргетасы қаланғаннан бері жүр.
Болатбек Қабдыкешев,бригадир:
Мынау енді мен қатысып істеп келе жатқан үшінші әуежай. Семейдің әуежайында үш жыл болдым. Енді мына жердің ауа райы желді дейді. Қары бораны,оған қарап жатқамыз жоқ. Қанша қар жел болса да, жұмысшылар соның бәріне шыдап,істеуге тырыстық. Өте кермет әуежай болады деген ойдамын.Керемет болу үшін жұмыс кедергісіз болуы тиіс. Былтырдан бері жобаға сәйкес үш кезеңге жоспарланған жұмыс толық аяқталды. Инфрақұрлымы да толық дайын.
Бұл әуежайдың ұшып-қону жолағы. Ұзындығы 2 шақырым 200 ал ені 40 метр. Оны салу үшін өткен жазда қүрлысшылар тоқтаусыз жұмыс істеді.Жер астына жеті қабат үстіне жеті қабат арнайы құрылыс материалын төселді.Нәтижесінде бұл алаң толық дайын. Тіпті ұшақтың ұшып-қону кезіндегі сызбасы да көрсетілген.
Көрсетілген кестеден кешігіп жатқан жоқ. Қазір құрылыс басында 300 жұмысшы 120 дан астам техника үш кезеңмен жұмыс істеп жатыр. Енді жер аяғы кеңіп, жаз шыға қосымша мамандар тартылмақ.
Ербол Тәжібаев, әуежай құрылысының жетекшісі:
Барлық инженерлік мамандарымыз толықты.Жұмыс өз бабымен,өз уақытымен орындалып жатыр. 01.58.31-Жоба бойынша 13 ғимарат болады. Кішісі бар, үлкені бар.Терминалдың 60 пайызы бітіп тұр.Қатонқарғайдағы әуежайдың 50 пайызы салынды. Өйткен ол өңірде қыс ұзақ. Ал осы қос әуежай пайдалануға берілген соң туристер саны қазіргіден 10 есеге артады деген болжам бар. Соңғы 1-2 жылда өңірге 1 миллионға жуық қонақ келген. Өйткені шығыста су да, ну да бар....
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы