Басты Жаңалықтар Башқұрт өкілі: Қазақ тілі үлкен мүмкіндікке жол ашты

Башқұрт өкілі: Қазақ тілі үлкен мүмкіндікке жол ашты

Қазақ тілі үлкен мүмкіндікке жол ашты. Қостанайлық Анель Пимичева мемлекеттік тілді меңгеру арқылы, өз арманына қол жеткізгенін айтады.
22 жастағы Анель дәл осылай бағдарламасын бастайды. Бірақ бұл - жай ғана жүргізушінің сөзі емес. Бұл - оның өмірлік ұстанымы. Орыс қызы бала күнінен атасының тәрбиесін көріп, қазақ тілді балабақша мен мектепте білім алған. Анель үшін тіл - тек қарым-қатынас құралы емес, өміріне бағыт берді. Медиа саласының есігін ашты. Бүгінде ол Қостанай телеарнасында редактор, «Время говорить» бағдарламасының жүргізушісі. Эфирде қазақ тілін кез келген адам, кез келген жаста үйренуге болатынын насихаттайды. Анель Пимичева - тіл жанашыры ғана емес, жас ғалым. Ол - ғылымға да қадам басқан жас зерттеуші. Тарих пен журналистиканы қатар алып жүр.
Анель Пимичева, Қостанай облысының тұрғыны:

Мемлекеттік тілді білуімнің арқасында көптеген жобаларға қатыстым. Сол Ассамблеяның мүшесімін. 044// Жақсы мүмкіндіктерін беріп, түрлі жобаларын ұсынып жатыр. Мен сонымен қатар, журналистика саласында да, ғылым саласында да Астана қаласында ҚХА Жас ғалымдар клубы бар. Сол жерде тең төрайым ретінде де, екі тілде жобалармен айналысып, өзімнің ойымды барынша жеткізуге тырысамын.





Бөлісу