ҰБТ форматы өзгеруі мүмкін
Енді талапкерлер Ұлттық бірыңғай тестілеуді бір рет қана тапсыруы мүмкін. Бұл туралы Премьер-министрдің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева мәлімдеді. Оның айтуынша, бұл грант конкурсы кезінде әділ әрі обьективті бағалауды күшейтпек. Бұдан бөлек, жоғары оқу орындарына Foundation бағдарламалары арқылы шартты қабылдаудан бас тарту жоспарланып отыр. «Себебі мұндай жүйе арқылы қабылданған студенттердің көбі оқу барысында қажетті шекті ұпайды жинай алмайды. Сондай-ақ, келесі жылдан бастап педагогикалық бағыттарға оқуға түсетін талапкерлер ҰБТ-дан бөлек ауызша емтихан тапсырады.
Аида Балаева, ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі:
Педагогикалық мамандықтарға қабылдау кезінде жаңа тәсілдер енгізілмек. Атап айтқанда, тестілеумен қатар арнайы емтихандарды қамтитын гибридті бағалау формасы қолданылады. Бұл тәсіл талапкерлердің тек пәндік білімін ғана емес, сонымен бірге сыни ойлау, талдау және коммуникациялық дағдыларын бағалауға мүмкіндік береді. ҰБТ жүйесін өзгерту – тестілеуден бас тарту емес. Бұл – дарынды талапкерлерді анықтап, әділ іріктеуге бағытталған маңызды қадам.
Автор
Жанел Өтеулі
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстан көшпенділер ойындарында көш бастап тұр
05.09.2026, 20:09
Үш облыстың аумағымен әскери техника жүріп өтеді
05.09.2026, 20:09
Президент Қазақстан атынан Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына қатысушыларға жеңіс тіледі
05.09.2026, 20:08
Шетелдіктер Бельгияда қазақша үйреніп жүр
05.09.2026, 20:08
Ұлт ұстазының еңбектері Түркияда да зерттеліп жатыр
05.09.2026, 20:08
Курчатовта қуаты 700 МВт болатын электр стансасы салынады
05.09.2026, 20:07
Халықаралық әуе қатынасы 161 бағытқа дейін артты
05.09.2026, 20:06
Қайырымдылық күніне орай мұқтаж жандарға қолдау көрсетілді
05.09.2026, 20:04