БҚО-да полиция бір тұрғынды алаяқтар арбауынан құтқарды
Батыс Қазақстан облысында полиция қызметкері алаяққа алданған тұрғынды дер кезінде байқап, райынан қайтарды.
47 жастағы әйел экранның ар жағындағы белгісіз адамдардың нұсқауымен банктен 3 миллион теңге несие алып, оны беймәлім шотқа аудармақ болған. Алаяқтар оған «қызыңның үстінен қылмыстық іс қозғалды» деп психологиялық қысым көрсетіп, өзін «қылмыстық жауапкершілікке тартыласың» деп қорқытқан. Алданған әйел ауылдан қалаға келіп, қаскөйлердің айтқанын орындамақ болды. Абырой болғанда, полиция көмекке келіп, қаражат толық сақталды. Осылайша жыл басынан бері полицейлер 17 алаяқтық әрекеттің алдын алған.
Автор
Ардақ Мұратқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Алматы облысында «Байсерке аспаны – 2026» авиашоуы өтеді
12.08.2026, 20:41
Ерекше балаларды қолдауға арналған кабинеттер саны артып келеді
12.08.2026, 20:36
Қазақстанда 14-35 жас аралығында 6 млн-нан астам азамат бар
12.08.2026, 20:33
Министрлік: eGov жүйесі бұзылған жоқ
12.08.2026, 20:31
2029 жылға дейін коммуналдық саланың 60%-ы жаңарады
12.08.2026, 20:29
Сайлау – саяси дамудың жаңа кезеңі
12.08.2026, 20:25
Түркияда Құрылтай сайлауына дайындық қызу жүріп жатыр
12.08.2026, 20:08
Партиялар үгіт-насихат жұмыстарын жалғастырып жатыр
12.08.2026, 20:07