Мобильді аударымдар бойынша шекті сома өзгеруі мүмкін
Мобильді аударымдарға қатысты шарттар өзгеруі мүмкін. Бұл туралы Кірістер комитеті айтты. Қазіргі ережеге сәйкес, аударымдар тұрақты түрде үш ай бойы жалғасса және жалпы сома шамамен 1 млн 20 мың теңгеден асса, банктер салық органдарына хабарлайды. Бірақ бұған дейін Ұлттық экономика бірінші вице-министрі Азамат Әмрин ең төменгі жалақының көлемін 150 мың теңгеге дейін өсіру қарастырылып жатқанын айтқан еді. Демек мобильді аударымдардың шекті сомасы қазіргідей 1 млн 20 мың емес, 1 млн 800 мың теңге болады деген болжам бар.
Ерқанат Шыңберген, ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің департамент директорының міндетін атқарушы:
Мобильді аударымдардың шекті сомасы ең төменгі жалақыға тікелей байланысты. Егер жалақы көлемі өссе, шекті сома қайта қаралады деген ақпарды жоққа шығармаймыз. Әрине, кәсіпкерлік кодекс негізге алынады.
Автор
Жанел Өтеулі
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Азия пара ойындарында спортшыларымыз тағы төрт алтын алды
21.10.2026, 13:15
Амандасу әдебі – ұлттық мәдениеттің көрінісі
21.10.2026, 13:13
Жетісу облысының Көксай ауылында жаңа мектеп ашылды
21.10.2026, 13:12
Ақтөбе облысындағы Қарауылкелді теміржол вокзалы жаңартылды
21.10.2026, 13:10
Астанада кейбір үй балкондарына ту ілді
21.10.2026, 13:08
Парижде коменданттық сағат ұзартылды
21.10.2026, 13:07
Ресейде демографиялық дағдарыс күшейіп барады
21.10.2026, 13:05
Қазақстан ТүркПА елдеріне арналған Цифрлық кодексті әзірлеуді ұсынды
21.10.2026, 13:04