Жастар ағзадағы қант мөлшерін инесіз анықтайтын SuGuard құралын ойлап тапты
Оралда жас стартаперлер ағзадағы қант мөлшерін инесіз өлшейтін SuGuard құралын ойлап тапты. Қол сағатына ұқсайтын құрылғы ЖИ көмегімен қант диабетін ерте анықтауға да көмектеседі. Тағы бір жеткіншектер археологиялық жәдігерді қауіпсіз тасымалдайтын құрылғы жасап шығарды. Ал олардың басын біріктірген BatysHub орталығында робототехника мен дрондар зертханасы ашылды.
Бұл – SuGuard құралы. Ағзадағы қант мөлшерін инесіз анықтайды. Оқушылар ойлап тапқан. Мұндағы оптикалық сенсорлар дене қызуы мен қан тамырының соғысын есептеп, деректерді мобильді қосымша арқылы телефон экранына шығарады. Оны тек мен емес, менің дәрігерім де, туыстарым да көре алады.
Стартаперлердің сыныптасы қант диабеті ауруына шалдығады. Оның күнде ине салып, қиналатынын көрген олар жаңа глюкометр ойлап табады. Ол үшін АҚШ университетіндегі профессормен, жергілікті дәрігерлермен кеңеседі. Жас таланттар – AlemAI байқауының жеңімпазы. Өнім патенттелген.
Бекарыс Мақсот, 11-сынып оқушысы:
Қандағы глюкозаның құрамын анықтау өте қиын. Және оны анықтау үшін көптеген ине қолдану қажет. Және бұл өте қатты ауыртады. Осы мәселені шешу үшін протативті құралды шығару керек деп ойладық.Ал бұл – археологиялық жәдігерді тасымалдайтын құрал-жабдықтың жобасы. Егер ішіндегі зат қозғалып не сынып кетсе, құрылғы дыбыс береді. Ауа температурасының дерегі экранда көрсетіледі. Барлық мәліметті мессенджер, мобилді қосымшалар арқылы бақылап отыруға болады. Жүйеге қуат беру үшін күн панельдері орнатылған.
Альвинура Сағынғалиева, оқушы:
Вентиляция жүйесі бар. Ол археологиялық артефакт орналасқан жердегі ылғалдылыққа қарсы жұмыс істейді. Яғни ылғал тым жоғарылап кетсе, осы желдеткіш жүйесі қосылады. Сондай-ақ инкубациялық жүйе қолдандық. Егер температура көп болса, не төмен боп кетсе, артефакті эрозиядан қорғайды.Альвинура секілді талантты жасөспірімдердің басын тоғыстырған BatysHub алаңында робототехника зертханасы ашылды. Үйірме 5 жастан бастап балаларды қабылдайды.
Нұрбол Қырықбаев, робототехника орталығының директоры:
IT, дрон, робототехника, ЖИ, бағдарламалау бойынша бағыттарды үйретеміз. Орталық Азиядағы FERT жарысы және VRO деген үлкен олимпиадалар бар. Солардан бақ сынап, сәтті шыққан жобалары болса, қаржылай грант беріледі. 11-сынып оқушыларына үлкен мүмкіндік: жобаларын қорғау барысында Қазақстанның үлкен топ университеттеріне грант иегері атанып, тегін оқи алады.Орталық балалардың стартап жобасын комерцияландыруға, жаңа идеяларға инвестиция табуға көмектеседі.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы