Алматыда дронмен зерттеу жүргізетін орталық ашылды
Алматыда алғаш рет аэромобильді технологиялар, дрондар, жасанды интеллект пен цифрлық инфрақұрылымды дамытуға арналған орталық іске қосылды. Мамандардың айтуынша, дрондар адамның қолы жете бермейтін, баруы қиын аймақтардан маңызды мәліметтер жинауға мүмкіндік береді. Жаңа ашылған орталықта осы деректерді жас ғалымдар зерттеп, түрлі модельдеу және симуляция жұмыстарын жүргізе алады.Сондай-ақ бұл орталық жас зерттеушілерге еркін жұмыс істеуге қолайлы жағдай жасап отыр. Мұнда олар заманауи құрылғылармен тікелей жұмыс істеп, тәжірибе жинақтайды. Дрондар арқылы алынған мәліметтер ғылымның әртүрлі саласында кеңінен қолданылады. Мысалы, ғалымдар жер қыртысында болып жатқан процестерді зерттеп, оларды компьютерлік модельдеу арқылы талдай алады. Әсіресе, мұнай өңдеу саласында бұл өте маңызды, өйткені, ол мұнай ұңғымаларында жүріп жатқан процестерді тереңірек түсінуге мүмкіндік береді, - дейді мамандар.
Нұрислам Қасымбек, PhD докторы:
Біз жердің астымен ғана шектелмейміз. Ауа болжау, жердің үстіндегі процестерді де моделдей аламыз. Сол жерде алынған мәліметтер, деректе көмегін тигізеді. Химиялық апат орындарында, табиғи апат орындарында адам қолы жете бермейтін жерде біз деректер жинап, ақпарат жинай аламыз дрондар көмегімен.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы