Ақтөбе облысында қызылша жұқтырғандар 7,5 есе көбейді
Ақтөбе облысында қызылша ауруын жұқтырғандар саны жеті жарым есе көбейген. Қазір 240-тан астам науқас ем қабылдап жатыр.
Сырқаттанғандардың
90 пайызы бұған дейін екпе алмағандар. Оның ішінде екпе жасына жетпеген балалар
да бар. Сонымен қатар,
өңірде эпидемиологиялық паротит жұқтырған бес адам тіркелді. Оның төртеуі
ересек, бірі екпеден бас тартқан бала. Бұл - вирустық жұқпалы ауру. Асқынған
жағдайда менингит, орхит және панкреатитке ұласады. Уақытында емделмесе,
бедеулікке де әкелуі мүмкін. Дегенмен, мамандар өңірдегі эпидемиологиялық ахуал
бақылауда дейді.
Райхан Қойшанова, облыстық Санэпидемииологиялық бақылау
департаментінің басшысы:
Жалпы эпидемиологиялық ахуал тұрақты деп айта аламыз. Дегенмен, өңірде аурушаңдық әлі де болса тіркелуде. Бүгінгі таңда Ақтөбе облысында қызылша инфекциясының 242 жағдайы және көкжөтел ауруының 9 жағдайы зертханалық жолмен анықталып отыр. Сонымен бірге еліміздің кейбір өңірінде эпидемиологиялық паротит ауруы тіркелуде.
Автор
Жақсыбек Кемал
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстан көшпенділер ойындарында көш бастап тұр
05.09.2026, 20:09
Үш облыстың аумағымен әскери техника жүріп өтеді
05.09.2026, 20:09
Президент Қазақстан атынан Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына қатысушыларға жеңіс тіледі
05.09.2026, 20:08
Шетелдіктер Бельгияда қазақша үйреніп жүр
05.09.2026, 20:08
Ұлт ұстазының еңбектері Түркияда да зерттеліп жатыр
05.09.2026, 20:08
Курчатовта қуаты 700 МВт болатын электр стансасы салынады
05.09.2026, 20:07
Халықаралық әуе қатынасы 161 бағытқа дейін артты
05.09.2026, 20:06
Қайырымдылық күніне орай мұқтаж жандарға қолдау көрсетілді
05.09.2026, 20:04