Екібастұз жаңа технологиялық орталыққа айналады
Премьер-министр Мемлекет басшысы Ұлттық құрылтайдың V отырысында жүктеген міндеттер аясында «Деректерді өңдеу орталықтарының алқабы» жобасының жүзеге асырылу барысы жөнінде кеңес өткізді. Жиында жауапты мемлекеттік органдар мен ұлттық компания өкілдері атқарылған жұмыстар туралы есеп берді. Бүгінде Екібастұз қаласында жобаны жүзеге асыру үшін нақты жер учаскелері белгіленіп, инфрақұрылымдық жұмыстар басталып кетті. Сондай-ақ АҚШ, Қытай және Үндістан елдерінің бұлтты есептеу, үлкен деректер және жасанды интеллект салаларындағы жетекші компанияларымен келіссөздер жүргізіліп жатыр. Алдын ала нәтижелерге сәйкес, 100 МВт-тан астам қуатқа сұраныс бар. Жалпы жобаның әлеуеті 1 гигаваттқа дейін жетеді деп жоспарланып отыр. Кеңес соңында Үкімет басшысы барлық рәсімдерді жеделдетіп, жобаны белгіленген мерзімде толық іске қосуды тапсырды.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы