Он жастағы баланың денесі 17 күннен бері табылмай жатыр
Ақтөбе облысында 29-ыншы наурызда Елек өзеніне батып кеткен он жастағы баланың денесі әлі табылмады. Осы уақытқа дейін іздеу аумағы ондаған шақырымға ұлғайтылды.
Еске салсақ, Мәртөк ауданының Сарыжар ауылындағы мектеп оқушысы достарымен
бірге велосипедпен жағалауға барып ойнап жүрген кезінде абайсызда суға құлап
кеткен еді. Құтқарушылар өзен бойымен Ресей Федерациясының шекарасына дейінгі
аумақты түгел шолып шыққан. Іздестіру жұмыстарына 50-ге жуық техника, ұшу
аппараттары, 300-ге жуық адам тартылды. Сүңгуірлерге судың лай болуы және
қалың қамыс кедергі келтіріп тұр. Алдағы тәуліктерде Елек өзенінің бойындағы
суқоймаларды уақытша жауып, су деңгейін түсіру жоспарланып отыр. Бұл шара
нәтиже беруі тиіс. Мамандар ата-аналарға бала қауіпсіздігіне ерекше назар
аудару қажетін ескертеді.
Самал Нұралина, облыстық ТЖД ресми
өкілі:
Күн сайын сүңгуірлер 30-35 шақырым су айдынын тексереді. Жүзу құралдары арқылы 25 км су беті қаралады. Жаяу топтар 15 км жағалауды шолып шығады. Ал ұшқышсыз ұшу аппараттарының көмегімен 10-15 шақырым аумақ зерттеледі. Іздестіру өзеннің қатты ағысы, қалың өсімдіктер, судың лай болуы және көрінудің төмен болуынан қиындауда. Іздеу жұмыстары тәулік бойы, күндіз де, түнде де жалғасу үстінде.
Автор
Жақсыбек Кемал
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
28 қазанда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды
20.10.2026, 21:29
Павлодарда көпір құрылысының 90% аяқталды
20.10.2026, 20:33
Диас Кенжебек Азия рекордын жаңартты
20.10.2026, 20:27
500 жас бір мезетте Әнұран орындады
20.10.2026, 20:20
Балалар байқауына дауыс беруді сұраған алаяқтар көбейді
20.10.2026, 20:19
Ауыл шаруашылығындағы өнім көлемі 9,8 трлн теңгеге жетті
20.10.2026, 20:17
Астанада 8 оқушылар сарайы жұмыс істеп тұр
20.10.2026, 20:16
Франция: Миграция және интеграция сынағы
20.10.2026, 20:16