Басты Жаңалықтар Онлайн сауда бойынша арыз-шағым 3 есе артқан

Онлайн сауда бойынша арыз-шағым 3 есе артқан

Жамбыл облысында онлайн платформаларда сауда жасайтын тұлғаларға қатысты тұрғындар тарапынан арыз-шағым 3 есе көбейді. Жыл басынан бері Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментіне 500-ге жуық арыз түссе, оның 147-сі электронды саудаға қатысты. 

Бұл өткен жылдың бірінші тоқсанындағы жағдаймен салыстырғанда 54 өтінішке көп. Тұтынушылар қашықтан тауарға тапсырыс беру заман талабы екенін айтады. Алайда бұл кейбір жеке кәсіпкерлер заңды белден басқан. Көбіне ғаламторда көрсетілген тауарлар суреттегі нұсқасы мен сапасына сай болмай шыққан. Сондай-ақ сатушылар салып жіберген тауарды айырбастаудан және қайтарудан бас тартқан. Сондықтан қазір құзырлы орган электронды саудаға қатысты тұрғындар өтініші бойынша жұмысты күшейтті. Айта кетейік, ел азаматтары алған тауар сипаттамасы мен сапасына сәйкес келмесе оны 14 күн ішінде қайтаруға құқылы.

Сексен Қасымбеков, Жамбыл облысы бойынша Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің бас маманы:
147 арыз-шағым түскен, оның 100-ден астамы қанағаттандырылған. Қалғаны жұмыс үстінде. Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы 42-4 бабына сәйкес наразылық білдіруге құқығы бар. Яғни жазбаша түрде наразылық білдіреді, ол наразылыққа сатушы 10 күнде жауап беруі керек. 10 күнде жауап бермеген жағдайда біз тексерістер ашып, жауап бергіземіз.


Бөлісу