Түнгі қауіпсіздік – әдет емес, өмір қағидасы
Түнгі қауіпсіздік. Бұл жай ғана ереже емес. Әр үйдің амандығына тікелей әсер ететін дағды. Сонымен, жатар алдында әр адамның әдетіне айналуы тиіс қарапайым қауіпсіздік ережелерін Самал Қабышева рет-ретімен тізбектеп шығады.
Түн — тынығу уақыты. Бірақ қауіп дәл осы сәтте үнсіз келеді. Төтенше жағдайлар қызметі әр адамның дағдысына айналуы тиіс қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтауды еске салады. Ас үйді тексеріңіз. Қосулы қалған бір ғана құрылғы - бүкіл үйге қауіп. Электр шәйнек, микротолқынды пеш, басқа да техниканы тоқтан ажыратылғанын тексеруді әдетке айналдырыңыз. Ұялы телефонмен ұйықтау өте қауіпті. Жастықтың астындағы смартфон қызып, тіпті жарылуы мүмкін. Ал оны диван немесе тез жанатын заттардың жанында қуаттау - өртке апаратын тікелей жол. Отқа май құйғанмен тең. Сөнбеген темекі - түнгі өрттің ең жиі себебі. Бір шоқ - бір үйдің тағдырын өзгертуі мүмкін. Дәлізді бос ұстаңыз. Қашу жолы жабық болса - уақыт та, мүмкіндік те болмайды. Қауіпсіздік құралдары - артық дүние емес, қажет қорғаныс. Түтін датчигі, өрт сөндіргіш. Қауіпсіздік - таңдау емес. Бұл - міндет. Сақтық - сіздің ғана емес, өзгелердің де өмірін сақтайды. Қауіпсіздік - күнделікті әдеттен басталады. Әр отбасының жеке мәселесі емес, бүкіл қоғамның қауіпсіздігі.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы