TazaQazBot телеграм чат-ботына 600-ден аса өтінім түскен
Елордада TazaQazBot телеграм чат-боты арқылы тұрғындардың өтінімдерін қабылдау және өңдеу жұмыстары белсенді жүріп жатыр. Жыл басынан бері 600-ден аса өтінім түсіп, оның 500-ден астамы орындалған. Ұсыныстардың уақытында қаралуы инфрақұрылымды ілгерілетуге септігін тигізіп отыр. Цифрлы сервистің басты артықшылығы - процесстің ашықтығы. Өтінім беруші жұмыстың әр орындалу кезеңін бақылап, нәтижесі бойынша фотоесеп алады. Тіпті баға беру мүмкіндігіне ие. Барлық өтініш 21 санатқа бөлінген. Олардың қатарында аумақты тазалау, қоқыс шығару, жол және жарықтандыру жүйелерін жөндеу, көгалдандыру, сондай-ақ су айдындарын тазарту сияқты бағыттар бар. Бұл жүйе өтініштерді тиісті қызметтерге жедел әрі тиімді бағыттауға мүмкіндік береді.
Автор
Ернұр Медет
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Биыл елімізде алғаш рет қазақы тазы күні аталып өтті
06.09.2026, 20:00
Ерекше қажеттілігі бар балаларды қолдау туралы заң: Неге мән беру керек?
06.09.2026, 19:51
ШЫҰ: Президент Бірыңғай транзиттік цифрлық платформа құру бастамасын көтерді
06.09.2026, 19:47
65 жастан асқан жүргізушілер медициналық тексерістен қалай өтеді?
06.09.2026, 18:44
Үкімет Ұлттық қордан қанша қаржы алуды жоспарлап отыр?
06.09.2026, 18:37
Білімін ел игілігіне арнаған қазақстандық ғалымдар
06.09.2026, 18:29
Қазақстан көшпенділер ойындарында көш бастап тұр
05.09.2026, 20:09
Үш облыстың аумағымен әскери техника жүріп өтеді
05.09.2026, 20:09