Түркістан облысында шегірткемен күрес күшейтілді
Түркістан
облысында үйірлі шегірткеге қарсы іс-шаралар
күшейтілді. Мамандар биыл ауа-райының қолайлы болуынан зиянкестер жылдағыдан
ерте шыққанын айтады. Қазір өңірде арнайы штаб құрылып, 13 ауданда дәрілеу
жұмыстары басталды. Зиянкестердің ошағын жоюға 2 мыңнан астам адам
жұмылдырылған. Шегіртке таралған аумақтар 65 аймаққа бөлініп, 65 жұмыс тобы
жұмыс істеп жатыр. Химиялық өңдеу шараларына 278 арнайы техника
мен 60 су тасығыш көлігі тартылған. Шегіртке жердің бетіне толық шыққан соң,
олардың қатарына 4 бірлік АН-2 ұшағы мен 3 дрон қосылады. Жалпы облыс бойынша
900 мың гектардан астам аумақ бақылауға алынып, мониторинг жүргізіліп
жатыр.
Мейіржан Мейрамбекұлы, Түркістан облыстық а/ш
басқармасының бас маманы:
Шегіртке зиянкестеріне қарсы 421 мың гектар жер аумағын өңдеу жоспарланған болатын. Оның ішінде 327 мың жерүсті техникасы, 80 мың гектар ұшақпен, 11 гектар аэрозольді газогенератормен, 8 мың гектар дронмен дәрілеу жоспарланған. Бүгінгі күнге 42 жарым мың гектардан зиянды тектес шегірткелер өңделді.
Автор
Айнұр Әбілқасым
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ұлттық өнердің ұстаханасы жаңартылады
27.07.2026, 20:58
Тұрмыстық қалдықтарды өңдейтін зауыттың құрылысы басталды
27.07.2026, 20:56
Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды
27.07.2026, 20:06
«Болашақ ойындары – 2026»: Халықаралық командалар Астанаға жинала бастады
27.07.2026, 20:04
БҚО-да 116 заңсыз қоқыс үйіндісі анықталды
27.07.2026, 20:04
Тоқтар Әубәкіров – 80 жаста
27.07.2026, 20:03
«Таза Қазақстан» акциясы аясында табиғи аумақтар тазартылды
27.07.2026, 20:02
Маңғыстаудың жартас мешіттері Дүниежүзілік мұралар тізіміне қосылды
27.07.2026, 20:01