Мемлекеттік күзет қызметі сарбаздармен толықты
Мемлекеттік күзет қызметінің қатары 30 жас сарбазбен толықты. Астанада іріктелген әскерилерді жақындары мен туыстары салтанатты түрде шығарып салды. Бұл азаматтар мемлекеттік күзет қызмет сапына қосылу үшін қатаң іріктеуден өтті. Сарбаздардың қабілеті, денсаулығы мен физикалық дайындығы мұқият тексерілді. Психологиялық тұрақтылығы мен жеке қасиеттеріне баға берілді. Айта кетерлігі, жас сарбаздардың басым бөлігі мерзімді қызметтен кейін де әскери салада қалып, келісімшарт бойынша қызмет етуге ниет білдіріп отыр. Қоғам қайраткерлері, қарулы күштер ардагерлері мен тәжірибелі әскери қызметшілер жас сарбаздарға сәт-сапар тіледі.
Бауыржан Раманқұл, сарбаз:
Мемлекеттік мемлекеттік күзет қызметінде әскери борышымды атқару бұл мен үшін үлкен мәртебе. Алға қойылған мақсаттарымды жауапкершілікпен және адалдықпен атқару, отанға қызмет ету – отан алдындағы борышым.
Руслан Балтеміров, ҚМ Астана қаласы бойынша департамент басшысы, полковник:
Сол іріктелген балалардың 80% пайыз жоғарғысы әрі қарай сол жерде келісімшарт бойынша қызмет атқаруға ниет білдіріп отыр. Бұл деген өте жақсы көрсеткіш. Себебі мемлекет үшін өзінің патриоттығын білдіру ол сан жағынан келгенде, пайыз жағынан 80% әрі қарай сол жерде қызмет етуге дайын.
Автор
Айжан Иманғали
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Өңірде биыл 20 миллион тоннаға жуық көмір өндірілді
29.08.2026, 20:10
Әйел курьерлерді қолдауға бағытталған пилоттық жоба іске қосылады
29.08.2026, 20:09
Қылмыстың жалпы деңгейі 10 пайызға төмендеді
29.08.2026, 20:06
Қытай 6G интернетті сынақтан өткізіп жатыр
29.08.2026, 20:05
Полигон аумағын оңалту жұмыстары жүріп жатыр
29.08.2026, 20:04
Непал мен Қытай шекарасында тағы бір отандасымыз жоғалған болуы мүмкін
29.08.2026, 20:03
Бүгін - Ядролық сынақтарға қарсы халықаралық іс-қимыл күні
29.08.2026, 20:03
Семей мен ИПР — тағдырлас қалалар
29.08.2026, 20:02