Басты Жаңалықтар Өсімдік қауызынан қалдықсыз өнім шығарылады

Өсімдік қауызынан қалдықсыз өнім шығарылады

Кез келген дәнді және майлы дақылдың қауызы мен қураған өсімдікті терең термиялық өңдеу арқылы басқа зат шығаруға болады. Негізінен қағаз бен картон және целлофан, тіпті медицина мен ауыл шаруашылығы саласында қолданылатын материал жасалады. Өскемендік ғылымдар бірнеше жыл бұрын қолға алған ғылми жұмыс оң нәтижесін берді. Отандық оқымыстылар бұл жобаны ендІ нақты өндірске енгізіп өзімізде өндіруді ұсынып отыр. Өнертапқыш ғалымдардың зертханасын әріптесім Олжас Керейхан көріп келді.

Өсімдікті өсіріп оны сан түрлі қажетке жаратқан елдің ғана өрісі кеңіп өркениеті өседі.Сондықтан Ақатан Қыдырмолла жетекшілік ететін шағын зертханадағы университеттің  жас ғалымдары ірі ғылми жобаларды жүзеге асырып жатыр.
Айнұр Батталова топырақтың ылғалдығын сақтаудың жолын зерттейді. Үш жыл ғылми ізденістің арқасында оның шешімін өсімдіктің өзінен тапты.Дәнегінен ажыраған кез-келген дәнді немесе майлы дақыл қауызын  химиялық жолмен еш қоспасыз терең өңдеп, түрлендіреді. Нәтижесінде гидрогель алынды. 
Айнұр Батталова, университеттің аға ғылыми қызметкері:
Егістік алқаптарында топырақтың ортаңғы өсімдік егетін қабатына осы кепкен гидрогельдерімізді сеуіп,оның үстіне барып өсімдік егетін болсақ, жауын-шашын,суару кезінде гидрогельдер суды өзінің бойына мың есеге дейін сіңіре алады. Ылғалды ұстап тұрады.
Сан түрлі өсімдіктің қалдығы мен қауызын термиялық тұрғыда терең өңдейді. Өңделген қауыздан жеңіл өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы тіпті медицинада қолданатын түрлі материалдар жасауға болатынан көз жеткізді. Бүгінге дейін ғалымдар өздері жасаған ғылми жобаның 80 пайызына патент алды. Енді тек көлемін ұлғайтып, өндіріске енгізу.
Нариман Қайырбеков, университет зертханасының кіші ғылыми қызметкері:
Барлық технология бола тұра, сұраныс та бола тұра, ұсыныс та бола тұра материалдық өнім ретінде шығаратын өндірстік платформа жоқ болғаны. Егер де болашақта өндірістік платформа болып жатса, міндетті түрде барлық инновацияны жүзеге асыруға толығымен болады деп сенем.
Сенім сетінмес үшін еңбектене бермек. Ал ғаламдағы ұлы жаңалықтың бәрі осындай шағын зертханадан басталған.


Бөлісу