eGov.kz электрондық үкімет порталына 20 жыл толды
Еліміздегі eGov.kz электрондық үкімет порталына 20 жыл толды. 2006 жылы іске қосылған жоба бастапқыда тек ақпараттық ресурс болса, бүгінде мемлекеттік қызметтердің басым бөлігі онлайн қолжетімді толыққанды цифрлық жүйеге айналды. Алдымен мұнда тек анықтамалық қызметтер ұсынылса, кейін онлайн өтініш беру, төлем жасау және өмірлік жағдайларға негізделген кешенді сервистер енгізілді. Бүгінде 1300-ден астам қызметтің шамамен 90%-ы онлайн форматта көрсетіледі. 15 млн-нан астам пайдаланушы тіркелген портал халықаралық деңгейде де мойындалған. 2024 жылы Қазақстан БҰҰ рейтингінде 24-орынға ие болды. Қазір жүйе жаңа кезеңге өтіп, жасанды интеллектке негізделген AlemGPT сияқты шешімдер тестіленіп жатыр.
Автор
Ернұр Медет
Сондай-ақ оқыңыз
БарлығыӨскеменде экологтар жастарға дәріс оқыды
22.10.2026, 10:11
Алматыда өнертанушы Мұхамеджан Әлімбаевтың 75 жылдығына арналған көрме ашылды
22.10.2026, 10:09
Брюссельдегі әйгілі мүсінге қазақтың шапаны кигізілді
22.10.2026, 10:08
Павлодар облысында тауарларға жеңілдік апталығы жарияланды
22.10.2026, 10:06
Кремль Украина мәселесі бойынша үшжақты келіссөзге дайын
22.10.2026, 10:04
Адамның араласуынсыз тапсырма орындайтын ЖИ жүйелері талқыланады
22.10.2026, 10:01
Мемлекет басшысы әскери реформа мәселелері бойынша Қауіпсіздік Кеңесінің отырысын өткізді
21.10.2026, 23:06
Қоржында - 10 алтын
21.10.2026, 20:30