Басты Жаңалықтар Құлсарыда апатты үйлер мәселесі шешілмей тұр

Құлсарыда апатты үйлер мәселесі шешілмей тұр

Атырау облысы Құлсары қаласында апатты үйлер мәселесі әлі де өзекті. Шахарда шамамен 50 жыл бұрын салынған 89 баспана бар. Жергілікті билік биыл олардың 18-ын бұзып, орнына жаңа пәтер кешенін салуды жоспарлап отыр. Бұл жұмыс арнайы бекітілген жол картасы шеңберінде жүргізіледі. Осылайша атқамінерлер мәселені 2029 жылға дейін толық шешеміз деп отыр. Тақырыпты әріптесім Нұрсұлтан Нұрсейіт жалғастырады.

Моноқаланың орта бөлігінде орналасқан бұл екіқабатты үйлер өткен ғасырдың 80-жылдары салынған. Содан бері күрделі жөндеу көрмеген. Қабырғалары жарылған. Жаңбыр жауса, төбеден су ағып, тұрғындар әбігерге түседі.
Бисенбек Төлеуов, Құлсары қаласының тұрғыны:
Жарылып кетеді кейде. Өзіміз жалғап аламыз. Ақша жинаймыз көршілермен. Төбеден екінші қабаттан су кетеді. Олар жылап отыр.
Гүлбаршын Есенова, Құлсары қаласының тұрғыны:
Төбеге өзіміз бұрын саз топырақ салып, қарағаш төсеп. Кеше қыста қар түсті қалың, қар күрелмеген жоғарыда, соның кесірінен су ағып кетті.
Айман Аққұлова, Құлсары қаласының тұрғыны:
Үйдің іші сыростьтан көгеріп тұр. Балалар содан бронхит боп ауырып тұр қайта-қайта. Былтыр сол диагнозбен қайта-қайта ауруханаға жатып шықтық.
2023 жылы Құлсары қаласындағы 126 көпқабатты тұрғын үйге техникалық зерделеу жұмыстары жүргізілген. Нәтижесінде 98 үйдің апатты жағдайда екені анықталды. Былтыр оның 9-ы сүрілді. Биыл тағы 18 үйді көшіру жоспарланып отыр. Апатты үйде 10 жыл бойы жөндеуден көз ашпағандардың бірі Гүлбану Қаспаева. Уақыт өте баспанасы жарамсыз болғасын басқа пәтер жалдауға мәжбүр болған. Қазір жаңа үйге қол жеткізгеніне дән риза.
Гүлбану Қаспаева, Құлсары қаласының тұрғыны:
«Болашақтан» берілді 100 үйліктен. Жақсы, өзіміздің шағын отбасымызға дәл келді. Суы жүреді, газы бар. Бәрі жақсы, ойдағыдай. Кей жерлері бар жасайтын, оны келістіріп аламыз. Берген үйіне рақмет.
Ескі үйлерді сүріп, өзгелерін көшіреуге бюджеттен 2,5 млрд теңге қаржы бөлінген. «2026-2029 жылдарға арналған Жол картасына сәйкес, Құлсары қаласындағы апатты үйлердің мәселесі кезең-кезеңімен шешіледі»,
Ескі үйлерді сүріп, өзгелерін көшіреуге бюджеттен 2,5 млрд теңге қаржы бөлінген. «2026-2029 жылдарға арналған Жол картасына сәйкес, Құлсары қаласындағы апатты үйлердің мәселесі кезең-кезеңімен шешіледі», - дейді жауаптылар.
Дархан Сәдуов, аудандық ТҮКШ және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы:
Біздер жаңа үйлер салынып жатыр. Құрылыс жұмыстары аяқталған соң сол компаниялардан үй аламыз ба деген ойымыз бар. Бұдан бөлек үлкен инвесторлық компаниялармен келісімсөздер жүргізіп жатырмыз. 30 жер үйді жеке кәсіпкерлер салды, соны әкімдік теңгеріміне сатып алдық.
Нұрсұлтан Нұсрейіт, тілші:
Қазір аймақта апатты жағдайдағы 205 тұрғын үй бар. Оның көпшілігі облыс орталығы мен Құлсары қаласында орналасқан. Биыл өңірдегі апатты үйлерді көшіру үшін облыстық бюджеттен 6 млрд теңгеге жуық қаржы қарастырылып отыр.


Бөлісу