Абай облысында шекара бекеттері жаңартылады
Абай облысында 4 бірдей шекара бекеті жаңартылады. Бұл жұмыс Президенттің Қауіпсіздік кеңесі жиынында берген тапсырмасы аясында іске асырылып жатыр. Абай облысында елімізді Ресеймен байланыстыратын «Ауыл», «Жезкент», «Коянбай» және «Байтанат» өткізу пункттері бар. “ҚазАвтоЖол” ұлттық компаниясы оларды түгелдей жаңғыртпақ. Қазір «Ауыл» бекетінде алғашқы жұмыстар басталды. Ол жерден тәулігіне 700 -ге жуық жүк көлігі мен 2000-нан астам жеңіл автокөлік өтеді.
Жоба бойынша бекет 7 жолаққа дейін кеңейтіліп, заманауи тексеру кабиналары
орнатылады және электронды кезек жүйесі енгізілмек. Нәтижесінде өткізу қабілеті
артып, тәулігіне 5 мыңға жуық көлік пен 10 мыңнан астам адамға қызмет көрсетуге
мүмкіндік туады.
Айбек Әнуарбеков, «Қазавтожол» ҰК» АҚ Абай облыстық филиалының директоры:
Жоба аяқталғаннан кейін өткізу қабілеті екі, екі жарым есеге дейін артатын болады. Бұл бекеттер тозығы жеткен. Өткізу қабілеті, бәрі нашарлаған. Адамдарға ыңғайсыз жағдай туғызуда. Ғимараттар толықтай бұзылып адынып орнына жаңа ғимараттар салынатын болады.
Автор
Ержан Жақып
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Мемлекет басшысы әскери реформа мәселелері бойынша Қауіпсіздік Кеңесінің отырысын өткізді
21.10.2026, 23:06
Қоржында - 10 алтын
21.10.2026, 20:30
Абайға қатысты жәдігерлер жеке жинаққа топтастырылмақ
21.10.2026, 20:23
35 мың тұрғын «Кітап оқитын ұлт» марафонына қатысып жатыр
21.10.2026, 20:21
Мәулен Әшімбаевтың жаңа кітабы таныстырылды
21.10.2026, 20:20
Патриоттық әндерге байқау жарияланды
21.10.2026, 20:20
Республика күніне орай сауда орталықтары ауқымды акция өткізіп жатыр
21.10.2026, 20:19
Тау кластері: Экономикалық әлеует артады
21.10.2026, 20:17