Елдің көлік-транзит әлеуетін дамыту бойынша кеңес өтті
Былтыр ел ішінде 353 млн тонна жүк тасымалданды. Бұл туралы Олжас Бектеновтың төрағалығымен өткен Мемлекет басшысының еліміздің көлік-транзиттік әлеуетін дамыту бағытындағы тапсырмасын орындау жөніндегі кеңесте айтылды. «Қалбатау – Майқапшағай», «Талдықорған – Өскемен», «Атырау – Астрахан» және «Қарағанды – Алматы» бағыттары бойынша жалпы ұзындығы 2 мың шақырым болатын 4 ірі жоба аяқталды. Қазіргі уақытта «Ақтөбе – Қызылорда», «Бейнеу – Сексеуіл», «Орталық – Батыс», «Қарағанды – Жезқазған» және Сарыағаш айналма жолы бағыттары бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр. Кеңесте Транскаспий халықаралық көлік бағытын дамытуға назар аударылды. 4 мың шақырым теміржолда ірі инфроқұрылымдық жобалар жүзеге асырылып жатыр. Жиында Премьер-министр тасымалдың барлық түріне қатысты баяу жүріп жатқан жұмыстарды сынға алып, жеделдетуді тапсырды.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы