Қазақ және өзбек зиялыларының екінші форумы өтті
Ертең Өзбекстанның Бұхара қаласында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев бейресми кездесу өткізеді. Мұны Ақорда хабарлады.
Екі ел арасында бүгінде ғылыми және технологиялық дербестік, жасанды интеллекті мен креативті индустрияны дамыту мәселелеріне ерекше мән беріледі. Цифрлық трансформация саласында елеулі нәтижелерге қол жеткізу үшін ғылыми қауымдастықтың күш-жігерін біріктіру маңызды. Өзбекстанның Самарқан қаласында өткен қазақ және өзбек ғылыми-шығармашылық зиялыларының екінші форумында осы мәлелер талқыланды. Айнұр Әбілқасымқызы тарқатады.
Самарқанда бас қосқан екі елдің ғалымдары мен мәдениет қайраткерлері ғылым, білім, өнер саласындағы жетістіктерімен бөлісті. Бірлескен жобаларды жүзеге асыру жайын сөз етті. Театрлар арасындағы әріптестікті арттыру, жасанды интелектіні дамыту бойынша ұсыныстар айтылды.
Асқар Жұмаділдаев, ҚР Ұлттық ғылым академиясының вице-президенті:
Өзбекстан ғылым академиясы мен Қазақстан ғылым академиясы біріккен жобалар жасап жатыр. Мысалы, менің қол астымда 10 шақты өзбек ғалымдары жұмыс істеген. Олардың ғылымдағы жолдарына көмектестім, олар ғылыми атақ алып, үлкен ғалым болды. Сондықтан осындай қуанышты сәттердің көбейгенін қалаймыз.
Қазақстан жасанды интеллектіні дамытуға арналған экожүйені белсенді түрде қалыптастырып келеді. Alem AI бірегей халықаралық орталығы іске қосылуда. Болашақта жаппай цифрлық мемлекетке айналу міндеті тұр. Ал Өзбекстан цифрлық трансформацияда елеулі нәтижелерге қол жеткізе бастады. Сондықтан ғылыми қауымдастықтың күш-жігерін біріктіру екі мемлекеттің жедел әрі озық дамуы үшін стратегиялық маңызға ие.
Шавкат Аюпов, Өзбекстан Республикасы ғылым академиясының президенті, сенатор:
Қазақстандық ғалымдармен біз өте тығыз байланыстамыз. Екі елдің ғылым академиялары арасында меморандум қабылданған. Осы форум аясында екі елдің ғалымдары физика, математика, медицина, биология бағытында ғылыми жобаларды бірлесіп жүзеге асыруға, оны алдын ала саралауға мүмкіндік алып отырмыз. Сондай-ақ өзара тәжірибе алмасу, мамандар даярлау көзделуде.
Форумда Парламент Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаев екі ел тәуелсіздігінің 35 жылдығы тұсында өтіп жатқан бұл кездесудің символдық мәні зор екенін айтты. Сондай-ақ ол Қазақстан мен Өзбекстан арасында мемлекеттілікті қалыптастыру кезеңін табысты аяқтағанын, енді жаңа стратегиялық мақсаттарды айқындайтын уақыт келгеніне тоқталды.
Мәулен Әшімбаев, ҚР Парламенті Сенатының төрағасы:
Қазақстан мен Өзбекстанның ынтымақтастығы екі ел Президенттері Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев пен Шавкот Мейрамонович Мирзиевтің өзара достыққа негізделген қарым-қатынасының арқасында қарқынды дамып келеді. Жалпы, біздің байланыстарымыздың тамыры бүгінгі дипломатиялық және тату көршілік қарым-қатынастан әлдеқайда терең екені белгілі. Біздің тегіміз бір. Тіліміз, дініміз, дәстүріміз ортақ. Сондай-ақ бізді әл-Фараби мен әл-Беруни, Ясауи мен Бабыр, Абай мен Науаи секілді ұлы тұлғалардан қалған мұра байланыстырады. Бүгінгі форум осы сабақтастықты жалғастыруға және қазақ пен өзбектің рухани-мәдени байланыстарын нығайтуға серпін беретіні анық.
Өзбекстанға сапары барысында Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев әріптесі Танзила Нарбаевамен екіжақты кездесу өткізді. Одан кейін Палата Төрағалары Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты мен Өзбекстан Республикасы Олий Мәжілісі Сенаты арасындағы Ынтымақтастық жөніндегі комиссияның бесінші отырысына қатысты. Сенаторлар комиссия жұмысының аралық қорытындыларын шығарып, түрлі саладағы бірлескен жобаларды талқылады.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы