Қазақстан – Беларусь білім беру және ғылыми инновациялар орталығы ашылды
Қазақстан – Беларусь білім беру және ғылыми инновациялар орталығы ашылды. Елордадағы Қазақ агротехникалық зерттеу университетінде қос дипломды білім беру бағдарламалары бойынша келісімдерге қол қойылды. Университет белорусь жоғары оқу орындарымен 10 жылдан аса уақыт бойы әріптестік байланыс орнатқан. Жалпы, бұл жиын аграрлық ғылымды, білім беруді және халықаралық ынтымақтастықты дамытуға қатысты өзекті мәселелер талқыланатын алаң. Ғылым күніне орай ұйымдастырылған іс-шарада ауыл шаруашылығы саласына жаңа технологияларды енгізу, ғылыми жаңалықтарды патенттеу сынды маңызды тақырыптар көтерілді.
Сәрсенбай Әбдірахманов, С.Сейфуллин атындағы ҚазАЗУ проректоры:
Біздің университеттің базасында ғылым қоры бойынша біраз жобалар жүргізілді. Сол жобалар бойынша коммерцияландырылып, тәжірибеге енгізіп жатыр. Әсіресе мал шаруашылығына, жануарларға азық жем-шөп даярлау мәселесі бойынша, өнімдерді қайта өңдеу, ветеринарлық препараттарды, сонымен қатар басқа салалар бойынша да біраз нәтиеже бар.
Автор
Ернұр Медет
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Мың бала» байқауының жеңімпаздарын марапаттады
22.10.2026, 13:13
Азия пара ойындары: Ядро лақтырып сайысты
22.10.2026, 13:11
Ұлттық музейде 30 түрлі тағдыр көрсетілген фотокөрме ашылды
22.10.2026, 13:10
Өскеменде экологтар жастарға дәріс оқыды
22.10.2026, 13:09
Зерендіде халықаралық «Қансонар» құсбегілік турнирі өтті
22.10.2026, 13:07
Астана сауда үйлері жеңілдіктер науқанын өткізуде
22.10.2026, 13:05
Қазақстан мен Ресей: Дипломатияға 34 жыл
22.10.2026, 13:03
Конституциялық реформа – тұрақтылық кепілі
22.10.2026, 13:01