Су үнемдеу –биылғы егістің басты талабы
Биыл егіс алқабында күріш азаяды. Мақсат – суды үнемдеу. Осыған байланысты биылғы егіс науқаны су тапшылығын ескере отырып, жүргізіліп жатыр. Күріш алқабы 20 мың гектарға қысқарды. Бидай алқабы азайды. Суды аз қажет ететін дақылдарды егуге басымдық берілді. Демек майлы және мал азығына қажет дақылдар көбейеді. Елде су үнемдеу технологиясына басымдық беріліп, тамшылатып суару 80 мың гектарға жуықтады. Қазір көктемгі егіс жұмыстарына дайындық жоғары деңгейде. 402 мың тонна арзан дизель бөлінді. Техниканың 90%-ы дайын. Тұқым қоры жеткілікті.
Талғат Момышев, Су ресурстары және ирригация вице-министрі:
Қабылданған шаралар нақты нәтижелер беруде. Егер бұрын жыл сайын қамту көлемі 30–35 мың гектарды құраса, 2024–2025 жылдары бұл көрсеткіш жылына шамамен 150 мың гектарға жетті. 2025 жылдың қорытындысы бойынша су үнемдеу технологиялары қолданылған алқаптар 543 мың гектарды құрап, нәтижесінде 874 млн текше метр суару суын үнемдеуге мүмкіндік берді.
Жалпы 2030 жылдың соңына қарай бұл көрсеткішті 1 млн 300 мың гектарға дейін
жеткізу жоспарланып отыр. Бұл 2 млрд 200 млн текше метр немесе шамамен 30% суды
үнемдеуге мүмкіндік береді.
Автор
Самал Қабышева
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Мемлекет басшысы әскери реформа мәселелері бойынша Қауіпсіздік Кеңесінің отырысын өткізді
21.10.2026, 23:06
Қоржында - 10 алтын
21.10.2026, 20:30
Абайға қатысты жәдігерлер жеке жинаққа топтастырылмақ
21.10.2026, 20:23
35 мың тұрғын «Кітап оқитын ұлт» марафонына қатысып жатыр
21.10.2026, 20:21
Мәулен Әшімбаевтың жаңа кітабы таныстырылды
21.10.2026, 20:20
Патриоттық әндерге байқау жарияланды
21.10.2026, 20:20
Республика күніне орай сауда орталықтары ауқымды акция өткізіп жатыр
21.10.2026, 20:19
Тау кластері: Экономикалық әлеует артады
21.10.2026, 20:17